«Педагогикалық қарым-қатынастың қажетті элементі пеадгогикалық этика мен такт»
Күзгі каникул кезінде ұйымдастырылатын іс-шаралар жоспарына сәйкес 30 қазан күні мектепте «Педагогикалық қарым-қатынастың қажетті элементі пеадгогикалық этика мен такт» тақырыбында мұғалім шеберлігінің бір бөлігі іс-шарасы өткізілді.
Білім алушыларға ұстаздардың тарапынан қойылатын талаптың орынды болуын зейін қоя қадағалайды, сын көзбен қарайды. Сондықтан да ұстаздың оқушылармен қарым-қатынастың мәні ерекше. Оқушылармен дұрыс іскерлік және эмоциялық қарым-қатынас орнату – күрделі іс. Ол ұстаздардан жоғары шеберлікті, кәсіби білгірлікті, тиісті іскерлік пен дағдыларды қажет етеді. Сондықтан ұстаздардың шеберлігінің аса маңызды бөлігі – педагогикалық әдеп пен педагогикалық тактика. Педагогикалық тактика бір-біріне мүлдем ұқсамайды. Оны барлық жағдайда барлық ұстаздардарға қолдана алатын белгілі бір нұсқауға, тіпті ережелерге айналдыру қиын. Білім алушылармен тіл табысуды жолға қоюға, оларға әсер етудің әр түрлі құралдарын қолдануға жалпы кеңес беруге ғана болады.
![](/uploads/posts/2024-10/1730349518_1730345937241.png)