Кезекті педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес отырысы
16 ақпан күні мектепте педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің жұмыс жоспарына сай кезекті педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес отырысы өткізілді.
Күн тәртібінде үш сұрақ қаралды. Олар 1.Педагогтардың құқықтары
2.Педагогтардың көпшілік ортадағы әдеп-этикалық нормалары және 3. Мектептегі педагогикалық әдепті қамтамасыз ету және сақтау
Бүгінгі таңда Заң 21 баптан тұрады, онда мұғалімнің негізгі міндеттері және оның материалдық көмекке құқықтары, оларды көтермелеу және әлеуметтік кепілдіктер туралы айтылады. Заңның негізгі баптары 2020 жылғы 11 қаңтарда күшіне енді, алайда ол толығымен 2021-2022 оқу жылдарында іске қосылды.
Әдеп — қоғамдағы адамдардың мінез-құлқына қойылатын этикалық талаптар. Олай дейтініміз, адамның сөйлеу мәнері, іс-қимылы,жүріс-тұрысы, өзін ұстай білуі оның мәдениетті, әдепті екендігін байқатып отырады. Адамның бойынан әдептілік қасиет көрініп түрса, ол парасатты, адамгершілігі мол екендігін көрсетеді.
Ұстаз этикасы – мұғалім мен бала, ата-ана мен мұғалім арасындағы қарым-қатынас. Педагогикалық этика – ұжым ішінде, мұғалімдер арасында басталып, өзінің заңды жалғасын сыныптарда табуы тиіс. Моральдық тәрбие – жан-жақты және үйлесімді дамыған адамды қалыптастырудың пәрменді құралы.