Педагогикалық әдеп кеңесінің кезекті отырысы » СШ№7 с. Интернационал
Жамбыл облысы
әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Аманжол Тұрғымбаев атындағы
№7 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726343614
Есепші бөлімі:
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Педагогикалық әдеп кеңесінің кезекті отырысы
07
ноябрь
2023

Педагогикалық әдеп кеңесінің кезекті отырысы

Аманжол Тұрғымбаев атындағы 7 жалпы орта білім беретін мектебінде  Қ.Баяқова мен О.Ахметованың жетекшілігімен педагогикалық әдеп кеңесінің кезекті отырысы өткізілді. Алқалық кеңестің күн тәртібінде:

 Педагогикалық тактика және мұғалім мен оқушы арасындағы қарым - қатынас

 Педагогтың кәсіби іс - әрекетіндегі педагогикалық әдеп және сөйлеу мәдениеті қаралды.

Педагогикалық әдеп кеңес барысында жасөспірімдер мен ұстаздардың арасындағы өзара қарым - қатынас жасау мәселесі бойынша ұсыныстар берілді:

-баланың дұрыс емес жасаған іс - әрекетін түсіндіре білу;

-бос сөздермен айқайлай бермеу;

-ішкі жан дүниесіне үңіле білу;

-жылылық таныту;

-қамқор жанның бірі ұстазы екенін сезіндіру;

-келешектің кемелдену тікелей сол балаларға қатысты екенін білдіріп отыру қажеттілігі түсіндірілді.Сонымен қатар, жеке фотосуреттер мен бейнелерді көпшілік алдына жариялау кезінде этикалық нормаларды сақтау басты назарда болуы тиіс екені айтылды.Отырыс соңында педагогикалық әдепті негізгі қағидалары мен педагогтың сөйлеу мәдениеті, дауыс тембрі,  екпіні жайлы панелдік дискуссия жүргізілді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: