16
май
2024
5–9 сынып оқушыларының ата-аналарына арналған «Отбасы құндылығы – сарқылмас қазына» атты кезекті 8 сабақ ұйымдастырылды.
16 мамыр күні мектепте ата-аналарды қолдау орталығының жұмысы барысында 5–9 сынып оқушыларының ата-аналарына арналған «Отбасы құндылығы – сарқылмас қазына» атты кезекті 8 сабақ ұйымдастырылды.
Сабақ мақсаты: Ата-аналардың отбасы бақыты мен ұрпақтар сабақтастығының негізі ретінде отбасылық құндылықтарға құрмет сезімін қалыптастыру
Ұлттық құндылықтар және тұлғаның жеке қасиеттері:
Ашықтық, құрмет, қонақжайлылық, мейірімділік
Күтілетін нәтижелер:
- ата-аналардың отбасылық құндылықтарға қызығушылығы артады;
- ата-аналар бақытты отбасын құрудағы отбасылық құндылықтардың мәні мен рөлін ұғынады
- ата-аналар бала тәрбиесінде отбасылық құндылықтарды, отбасындағы және балалармен қарым-қатынаста әлеуметтік қолдау дағдыларын қолданады.