“Біртұтас тәрбие” бағдарламасы
А.Тұрғымбаев атындағы №7 жалпы орта білім беретін мектепбінде 2024 жыл 23 тамыз күні мектеп ұжымымен “Біртұтас тәрбие” бағдарламасының жаңартылған мазмұн ерекшелігі: түйінді идеялар, құндылықтар жүйесі, мақсаты міндеттері күтілетін нәтиже, тақырыбында семинар өткізілді.
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі 2024 жылғы 15 наурыздағы ҚР Президентінің жанындағы Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты отырысында берілген тапсырмасына сәйкес «Жаңартылған Біртұтас тәрбие» бағдарламасы ұсынылған.
Бағдарламада білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысы шеңберіндегі ұйымдастырылатын іс-шаралар мен жобалардың өткізілетін деңгейлері мен уақыттары, жүзеге асырушы жауапты тұлғалар көрсетілді. Министрлік Бағдарламаны жаңа оқу жылынан яғни 1 қыркүйектен бастап білім беру ұйымдарына (бала бақшалар, мектептер, колледждер) енгізуді жоспарлап отыр.
Семинар барысында білім беру ұйымдарындағы 2024-2025 оқу жылында жүзеге асырылатын тәрбие жұмысын ұйымдастыру ерекшеліктері, тәрбиенің жаңартылған парадигмасы, тәрбиенің қазіргі беталысы және құндылықтар жүйесі, тәрбие құндылықтары негізінде жобаларды іске асыру, ата-аналарды қолдау орталығы аясында жүргізілетін іс-шаралардың жоспары талқыланды.
![](/uploads/posts/2024-09/1725433431_1725429818279.png)