06
сентябрь
2022
Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты жолдауы талқыланды.
Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7 жалпы орта білім беретін мектебінде өткен ұжым жиналысы туралы
2.09.2022 жылы А.Тұрғымбаев атындағы №7 жалпы орта білім беретін мектебінде ұжым жиналысы өтті. Жиналысқа 72 адам қатысты.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша, 2022 жылдың 1 қыркүйек күні мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты жолдауы талқыланды.
Жиналысты мектеп директорының тәрбие ісі-жөніндегі орынбасары А.М.Канибетова ашып берді. Ол өз сөзінде
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1 қыркүйекте Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды. Жолдаудың негізгі бөлігі еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған. Сонымен қатар мемлекеттік басқару ісін жаңғырту, өнеркәсіпті күшейту, білім және ғылым, мәдениет, бизнес салаларына айқын тоқталған туралы қысқаша таныстырып өтті. Содан соң президенттің жаңа Жолдауына қатысты ұжымның ой-пікірі тыңдалды.
Мектеп директоры Сейтказиев Р.З. өз сөзінде:
- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына жария еткен Жолдауын ерекше ықыласпен қабылдадым. Президент еліміздің толыққанды дамуы үшін жасалатын қадамдарды қадап тұрып айтты. Түйінді мәселелер Жолдауда нақты көрсетілді. Атап айтқанда, отандық бизнесті қолдау, халықты әлеуметтік қорғау және экономиканы дамыту жайына кеңінен тоқталды.
Мектеп директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Инкарбекова Г.Т. өз сөзінде:
-Жолдаудың білімге қатысты тұсы, ол дарынды балаларды және жалпы білім беру саласын қолдауы. Жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық пәндік олимпиадалардың, шығармашылық конкурстар мен спорт жарыстарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін қолдауға бағытталған заңнамалық өзгерістер енгізіледі. Енді олар конкурсқа қатыспай-ақ, жоғары оқу орнына түсу үшін грант ала алады. Сонымен қатар 2025 жылдың соңына дейін кемінде 1 000 жаңа мектеп салу жұмыстары басталды, бұл апаттық және үш ауысыммен оқытатын мектептерді жоюға, сондай-ақ жалпы оқушы орындарының жетіспеушілігін жоюға көмектеседі.
Жиын барысында көптеген пікірлер айтылды.![](/uploads/posts/2022-09/1662459333_1662457897991.png)

Жиын барысында көптеген пікірлер айтылды.
![](/uploads/posts/2022-09/1662459333_1662457897991.png)
![](/uploads/posts/2022-09/1662459414_1662457890303.png)