Мектепті бітіруші түлектерге аттестат тапсыру рәсімі
Бүгін А.Тұрғымбаев атындағы мектепте бітіруші түлектерге аттестат тапсыру рәсімі өтті. 11 жыл бойы білім нәрімен сусындап, білім ордасын тәмамдаған 14 түлек үлкен өмірге қанат қақты.
«Құрметті түлектер! Сіздер үлкен өмір атты ұзын жолдың алғашқы баспалдағын аттап, алдағы биік сатыларына қадам басқалы тұрсыздар. Әрқайсыларыңыз ертеңгі елдің тұтқасын ұстар жалынды жастарсыздар. Сіздердің тәуелсіз еліміздің өсіп өркендеуіне үлес қосар, туған жердің даңқын асқақтатар білікті маман иесі болуларыңызға тілектеспін. Жаңа өмірге басқан қадамдарыңыз сәтті болсын!» –деп ізгі лебізін білдірген мектеп директоры жас түлектерге салтанатты түрде аттестат табыстады.
Шара барысында мектеп бітіруші түлектер сөз алып, ұстаздарына алғыстарын айтып, олардың артқан сенімдерін ақтауға тырысатындықтарын жеткізді.
Салтанатты шара мектеп бітіруші түлектердің концерттік бағдарламасымен жалғасты.