2023 жылдың 21 маусым күні мектеп бітіруші түлектерге мектепті бітіру туралы аттестат тапсыру салтанатты кеші өтті.
А.Тұрғымбаев атындағы №7 жалпы орта білім беретін мектеп
А.Тұрғымбаев атындағы №7 жалпы орта білім беретін мектебінде 2023 жылдың 21 маусым күні мектеп бітіруші түлектерге мектепті бітіру туралы аттестат тапсыру салтанатты кеші өтті.
Салтанатты кешке мектеп әкімшілігі, пән мұғалімдері және ата-аналар қатысты. Іс-шараны мектеп директоры Л.Кокрекбаева құттықтау сөзімен ашты. Лайла Болысбековна өз сөзінде мектеп жетістіктеріне тоқталып, түлектерге сәтті сапар тілей отырып жақсы біліммен, тағылымды тәрбиемен өскен ұл-қыздарымыз елдің ертеңгі елеулі тірегі болатындарына кәміл сенетіндігін айтты.
23 бітіруші түлек өздерінің алғашқы орта білімі туралы құжаттарын алды, олардың ішінде 3 «Үздік аттестат» иегерлері бар.
Пән мұғалімдері оқушыларына Ақ жол тілеп, өз лебіздерін өлең жолдары арқылы жеткізді. Бітіруші сыныптардың ата-аналары сөз сөйлеп, мектеп ұжымына алғыстарын білдірді.
Мерекелік кешіміз керемет әндер мен әсем билерге ұласты.







