Мектеп бітіруші түлектердің ата-аналарымен өткізілген жиналысының хаттамасы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімінің «А.Тұрғымбаев атындағы №7 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Интернационал ауылы 4.05.2024ж.
Мектеп бітіруші түлектердің ата-аналарымен өткізілген
жиналысының хаттамасы
Қатысқаны: 58
Мұғалімдер: 22
Ата-аналар: 36
Күн тәртібінде:
- 2023-2024 оқу жылын аяқталуды сапалы ұйымдастыру және қауіпсіздік шараларын сақтау
Тыңдалды:
Мектеп директоры Л.Кокрекбаева 9,11-сынып оқушыларының формасы, сабаққа қатысуы, сабақ кестесі бойынша оқулықтың әкелінуі туралы айтып өтті. Сабақтан тыс уақытта немен айналысыатынын, кешкі мезгілде ешқайда шықпауын баса назарда ұстау керектігін ескертті. «Соңғы қоңырау» 25 мамырда өтетіндігі және ешқандай қаражат жинамау туралы айтып өтті.
Мерекелік дастархан жаю, автокөліктерді жалға алып, ауыл ішінде экскурсия жасауға болмайтынын, салтанатты жиындарға ешқандай ақша жиналмайтынын, мектеп бітіру кешін ұйымдастырмауды қатаң ескертті. Соңғы қоңырау мен аттестат тапсыру салтанатты жиындарынан кейін баламды немесе қызымды өзіммен үйге алып кетемін деген мәтінде ата-аналардан қолхат алынады. Барлықтарыңыз жазып бересіздер деді.
Балалардың өмір қаіпсіздігі бойынша мектеп директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Канибетова жазғы демалыс кезінде оқушылардың демалысын ұйымдастыру және өмір қауіпсіздікті қамтамасыз ету туралы , ата-аналар балаларының өміріне жауапты екенін айтып кетті. Сонымен қатар демалысты қайтсе қызықты етіп өткізссе болады деген сұраққа жауап берді.
Жиын соңында мектеп директордың әдістемелік-ғылыми ісі жөніндегі орынбасары Л.Баимбетова Ұлттық Бірыңғай тестілеу туралы сөз алды. Ата-аналарға ҰБТ туралы ақпарат берді. 2023-2024 оқу жылындағы мектеп бітіруші түлектерге электронды форматта ҰБТ- ғы тапсырудағы әр қадаммен таныстырды. ҰБТ-ға мамыр айында уақытымен тіркелеміз. Егер балаларыңыз кешігіп қалса, қосымша уақыт берілмейді. ҰБТ-ға қатысушы өзімен әкелген заттарын – нөмірленген және кілті бар шкафқа салып, кілтін өзімен алып кіреді. ҰБТ-ны тапсыруға өзімен жеке куәліктің түп нұсқасын, қалапсап, қарандаш, сызғыш, дәрі (қажеттілік туындаған жағдайда), су алып кіруге болады. ҰБТ-ға қатысушы джинсы, шорты, спорттық киімде баруға болмайды. ҰБТ-ға кіретін уақыттан 1 және 1,5 сағат ерте бару керек.
Шешім:
- «25 мамыр – Соңғы қоныру» жиынын өткізуге ата-аналар тарапынан
қолдау көрсетуге ықпал жасалынсын;
- Оқушылардың жазғы демалыс, өмір қауіпсіздігіне тікелей ата-аналар
жауапты екенін ескерілсін;
3. Түлектердің ҰБТ-ға дайындығы ата-аналар тарапынан қолдау
тапсын, күшейтілсін;
Жиын төрайымы:
Хатшы: