«Мектебім, саған мың алғыс!» атты соңғы қонырау
25 мамыр күні мектепте күміс қоңыраудың сыңғыры естіліп, жұртшылық түлектерге сәт сапар тіледі. Он бірінші сыныпты бітірушілер өмірге жолдама алды.
«Мектебім, саған мың алғыс!» атты соңғы қонырауға арналған салтанатты жиынға 9,10,11 сынып білім алушылары қатысты. Жиын басы Қазақстан Республикасының Әнұранымен басталды. Содан кейін мектеп директоры Кокрекбаева Л.Б. түлектерді, келген қонақтарды, ұстаздарды құттықтап жілі лебізін білдірді. Сол секілді ата-аналар атынан сөз алған азаматтар да ұстаздар еңбегін жоғары бағалап, қашанда алтын ұядағы білім мен тәрбие алдағы уақытта өз жемісін беретініне сендірді.
Мектеп түлектері білім кілтін 10-сынып оқушыларына тапсырды. Түлектер сынып жетекшілеріне гүл шоқтарын ұсынып, алғыстарын айтса, ұстаздары 11 жыл бойы білім беріп, бозбала мен бойжеткендер қатарына бет алған шәкірттеріне сәт сапар тіледі.
Сонымен соңғы қоңыраудың жалғасы оқушылардың жазғы демалысына, түлектердің сынақ тапсыруына, жоғары оқу орнына түсу арманына ұласатын болады.