«Балдәурен» лагеріндегі бірінші күн!
Оқушылардың жазғы демалысын сапалы өткізу үшін ЖАЗ-2024 бағдарламасы аясында 3-маусым күні мектеп жанындағы «Балдәурен» жазғы сауықтыру лагерінің ашылу салтанаты мектеп ауласында өткізілді. Алаңға 1-7 сынып білім алушылары және мектеп ұстаздары, ата-аналар қатысты.салтанатты жиын Әнұранмен ашылып, мерекемен мектеп директоры Л.Б. Кокрекбаева құттықтап балаларға бос уақытын тиімді пайдалануға, іс-шараларға белсенді қатысуға шақырды. Салтанатты жиында балалардың сүйікті ертегі кейіпкерлері тэдди мен аю қызықты ойындар ойнатып, би билетті. Балалар флешмоб биін билеп, көңілді ән айтты. Жиын соңында оқушыларды топ жетекшілері және тәлімгерлері белгіленген кабинеттеріне апарып, күн тәртіптерімен таныстырып, кітапхана, мектеп психологтары және медбике топтармен танысты. Әр топпен ойындар ойнатылып, сыйлықтар ұсынылды. Айта кету керек лагерь аумағы балалардың жайлы демалуы үшін барлық қажетті құралдармен жабдықталған. Ыңғайлы асхана, ойын бөлмелері мен ойын-сауық алаңдары қарастырылған. Сонымен қатар жазғы сауықтыру демалыс лагеріне қатысатын балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып психологиялық жаттығулар ұйымдастырылып, әр күнді қызықты әрі көңілді өткізуге жағдай жасалады.