«Балдәурен» жазғы сауықтыру лагерінің жоспарына сәйкес «Қазақтың ұлттық ойындары» тақырыбында өткізілді
А.Тұрғымбаев атындағы №7 жалпы орта білім беретін мектеп
21.06.2023ж
А.Тұрғымбаев атындағы №7 ЖОББ мектеп жанындағы жазғы сауықтыру лагеріне 35 бала ойын алаңына қамтылды.
«Балдәурен» жазғы сауықтыру лагерінің жоспарына сәйкес «Қазақтың ұлттық ойындары» тақырыбында өткізілді. Іс-шараның мақсаты оқушыларды қазақтын ұлттық ойындарын насихаттау отырып халқымыздың ізгі қасиеттері: имандалақ, ізеттілік, іскерлік т.б негізінде тәрбиелеу.
Тәлімгер мен тәрбиешілердің ұйымдастыруымен топтарда «асық ату», «тоғыз құмалақ», «көкпар», «қазақша күрес», «теңге алу» т.б. ойындар ойнатылды.
Кітапханашы топтармен қазақтың ұлттық ойындарына байланысты мақал-мәтелдер, ертігілер оқыды.
Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі балалармен спорт алаңында қызықты ойындар ойнатып, жаттығулар жасатты. Көркемдік жетекші әр топпен әсем ән айтып, ұлттық өлеңдерді орындады. Балалар іс-шараларға өте белсенді қатысып, жақсы көңіл-күймен қайтты.