«Балдәурен» жазғы сауықтыру лагерінің жоспарына сәйкес «Біз бақытты баламыз» тақырыбында өтті.
А.Тұрғымбаев атындағы №7 жалпы орта білім беретін мектеп
15.06.2023ж
А.Тұрғымбаев атындағы №7 ЖОББ мектеп жанындағы жазғы сауықтыру лагеріне 90 бала қамтылды. Оның ішінде 50-і атаулы әлеуметтік көмек алатын, аз қамтамасыздандырылған отбасындағы балалар, 25 бала ата-аналар есебінен тамақтанатын және 10 бала ойын алаңында.
«Балдәурен» жазғы сауықтыру лагерінің жоспарына сәйкес «Біз бақытты баламыз» тақырыбында өтті. Іс-шараның мақсаты адам өмірінің ең қызықты да, бақытты сәті балалық кездің қызықтары туралы айту. Отбасы, достық, ойын, ойыншықтар туралы айтып, өнермен өрнектеп көрсету. Балалардың дүниетанымын, ой-өрісін дамыту. Ұлттық нақыштарын, бір-бірін құрметтеуге, отбасын сыйлауға тәрбиелеу. Өнерді сүюге баулу. Әр топ мақсатқа сәйкес жұмыс жасап, балалардың уақытын қызықты өткізді.Топтарда «Соқыр теке», «Аспазшы», «Дәрігер» ойындары ойнатылды.
Кітапханашы «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында топтармен «Кел, балалар, оқылық» пазл жинау ойыны жүргізілді. Балалар мектеп кітапханасындағы сүйікті ертегі кейіпкерлерін тауып, жыл бойы оқыған ертегі кітаптарын еске түсірді. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі балалармен спорт алаңында қызықты ойындар ойнатып, жаттығулар жасатты. Көркемдік жетекші әр топпен әсем ән айтып, топ өлеңдерін қайталады. Балалар іс-шараларға өте белсенді қатысып, жақсы көңіл-күймен қайтты.
![](/uploads/posts/2023-06/1686821201_1686820147118.png)