«Балдәурен» жазғы сауықтыру лагерінің ашылуы салтанаты өткізілді.
А.Тұрғымбаев атындағы №7 жалпы орта білім беретін мектеп
5 маусым күні сағат 9:00-де мектепте мектепішілік «Балдәурен» жазғы сауықтыру лагерінің ашылуы салтанаты өткізілді.
Салтанатты жиында мектеп жаныңдағы сауықтыру лагерінің ашылу мерекесімен мектеп директоры Л.Б.Кокрекбаева құттықтап, оқушыларды лагерьге белсене қатысуларын, бос уақыттарын тиімді пайдалану жолдарын айтты.
Топ жетекшілері балаларды қызықтырып, ойындар ойнап, сыйлықтар беріп, ән айтқызып, билетіп, қызықты әсердер оқкшылардың естерінде қалатындай ұйымдастырды.
Салтанатты жиыннан сон оқушыларды топ жетекшілері және тәлімгерлері белгіленген кабинеттеріне апарып, күн тәртіптерімен таныстырып, кітапхана, мектеп психологтары және медбике топтармен танысты.
Әрі қарай жоспар бойынша түрлі іс-шаралар өткізіліп, ойындар ойнатылды.
12.30-да топ жетекшілері оқушыларды асханаға түскі асқа апарып тамақтандырды. 130 балаға демеушілік тарапынана балмұздақ берілді. Демеушілік жасаған Абдукасымова Шынар Рахимовна.
![](/uploads/posts/2023-06/1685960882_1685959852458.png)
![](/uploads/posts/2023-06/1685960962_1685959926572.png)
![](/uploads/posts/2023-06/1685961051_1685959989381.png)
![](/uploads/posts/2023-06/1685960985_1685959982705.png)
![](/uploads/posts/2023-06/1685960964_1685959975403.png)
![](/uploads/posts/2023-06/1685961020_1685959966995.png)
![](/uploads/posts/2023-06/1685961014_1685959958967.png)
![](/uploads/posts/2023-06/1685961016_1685959950763.png)
![](/uploads/posts/2023-06/1685960961_1685959943379.png)
![](/uploads/posts/2023-06/1685960932_1685959934784.png)