1 қыркүйек Білім күніне арналған «Мектебім – мейірім мекені» тақырыбында салтанатты жиыны өтті » СШ№7 с. Интернационал
Жамбыл облысы
әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Аманжол Тұрғымбаев атындағы
№7 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726343614
Есепші бөлімі:
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 1 қыркүйек Білім күніне арналған «Мектебім – мейірім мекені» тақырыбында салтанатты жиыны өтті
01
сентябрь
2023

1 қыркүйек Білім күніне арналған «Мектебім – мейірім мекені» тақырыбында салтанатты жиыны өтті

Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7 жалпы орта білім беретін мектебіндегі 1 қыркүйек Білім күніне арналған «Мектебім – мейірім мекені» тақырыбында салтанатты жиынының өткендігі туралы   ақпарат


Білім күні – ерекше, жарқын, көңілді және ізгі мереке. Жылдың осы күнінен бастап білім әлеміне деген күрделі, сонымен қатар қызықты жол басталады. Білім күні – жарық мереке, кітап мерекесі, гүлдер, достар мерекесі. Мектепке келіп, жақсы білім алу – оқушының ең басты міндеті. 
 Білім күні – бұл ең алғаш қоңырау, көп әсем гүлдер және ақ бантик күні, әрине, дәстүрлі ең алғаш сабақ, әлем сабағы. Мектеп табалдырығын ең алғаш рет аттаған балалар үшін бұл күн өте маңызды, көптен күткен күн. 

1 қыркүйек – Білім күніне арналған  «Мектебім – мейірім мекені» атты тақырыбында салтанатты жиын өткізілді. 

          Жиынға 1-11 сынып білім алушылары мен пән мұғалімдері және сынып жетекшілері қатысты. Жиын сағат 9.00-де басталды. Салтанатты жиын қонақтары: аудан әкімдігінің тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысының орынбасары Жетпісбаев Рахымбай және аудандық білім бөлімінің әдіскері Көшербаев Даулет Арыстанбекұлы.

         Жиын Әнұранның орындалуымен басталды. Салтанатты жиынды ашу рәсімі мектеп директоры Л.Б.Кокрекбаеваға берілді. Өз сөзінде мектеп директоры жаңа оқу жылымен құттықтап, келген оқу жылына оқушыларға, ата-аналарға және ұстаздарға жылы лебізін білдірді. Сонымен қатар жиын қонақтарына құттықтау сөз берілді. 

         Салтанатты жиын барысында мың бұрылған бишілер билеп, мектеп табалдырығын алғаш аттап отырған 1-сынып бүлдіршіндері құттықтау лебіздерін білдірді.

        Соңғы қоңырау соғу құрметі мектебіміздің 11-сынып оқушысы мен 1-сынып оқушысы берілді.

Жиыннан соң оқушыларға адалдық пен әділдік туралы түсінік беру мақсатында «Әділетті Қазақстан: сапалы білім адал ұрпақ, табысты ұлт» тақырыбында бірыңғай сынып сағаттары өткізілді. Сынып сағаттарында сынып жетекшілер адами қарым-қатынастағы адалдық пен қоршаған ортадағы, өмірдегі әділдіктің орны мен маңыздылығын талқылауға басты назар аударды. 


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: