1 маусымда халықаралық балаларды қорғау күнімен қатар соңғы қоңырау шарасы өтті » СШ№7 с. Интернационал
Жамбыл облысы
әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Аманжол Тұрғымбаев атындағы
№7 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726343614
Есепші бөлімі:
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 1 маусымда халықаралық балаларды қорғау күнімен қатар соңғы қоңырау шарасы өтті
01
июнь
2023

1 маусымда халықаралық балаларды қорғау күнімен қатар соңғы қоңырау шарасы өтті

А.Тұрғымбаев атындағы №7 жалпы орта білім беретін мектеп.


      Бүгін мектепте 1 маусымда халықаралық балаларды қорғау күнімен қатар соңғы қоңырау шарасы өтті. Күміс қоңыраудың сыңғыры естіліп, жұртшылық түлектерге сәт сапар тіледі. Он бірінші сыныпты бітірушілер өмірге жолдама алып жатса, мектеп табалдырығын өткен жылы алғаш аттаған бүлдіршіндер бір сатыға көтеріліп, ата-ананың, ұстаздар қауымының көз қуанышына айналды.

   Мерекелік салтанатты жиын сағ. 9.00-де басталды. 

     Мектеп директоры Кокрекбаева Л.Б. құттықтау сөз сөйлеп, жаңа оқу жылында ұстаздарға, ата-аналарға, оқушыларға жылы лебізін білдірді. 

    Жиын қонақтары «Аманат» партиясының төрайымы Шағатаева Г.Ж., аудандық білім бөлімінің әдіскері Усина Г.Е. және Т.Рысқұлов ауылдық округінің маманы Макаева Г.Т. құттықтау сөз сойлеп, оқушыларды, ұстаздарды, ата-аналарды мерекемен құттықтап, жақсы тілектер білдірді.

     Аудан, облыс, республика деңгейде байқауларға қатысып, жеңімпаз атанып жүрген ұстаздарымыз мен оқушылар марапатталды.  Мектеп өміріне белсене атсалысып, тәрбиелі, білімді бала тәрбиелегені үшін ата-аналарға мектеп директоры атынан алғыс хат берілді.




Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: