Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7ЖОББМ 1-қыркүйек Білім күніне арналған «Білімге ұмтылу, еңбек сүйгіштік және патриотизм» тақырыбында салтанатты жиын өтті.
Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7ЖОББМ 1-қыркүйек Білім күніне арналған «Білімге ұмтылу, еңбек сүйгіштік және патриотизм» тақырыбында салтанатты жиын өтті.
Жиынға 1-11 сынып білім алушылары мен пән мұғалімдері және сынып жетекшілері қатысты. Жиын сағат 9.00-де басталды. Салтанатты жиын қонақтары: аудандық білім бөлімінің әдіскері Метеркулова С.А., «Аманат» партиясы Меркі аудандық филиалының атқарушы хатшысы Шагатаева К.Д..
Жиын Мемлекеттік Ту көтеріліп, Әнұран орындалуымен басталды.
Салтанатты жиынды ашу рәсімі мектеп директоры Р.З Сейтказиевке берілді. Өз сөзінде мектеп директоры былтырғы оқу жылының нәтижесіне тоқталып, келген оқу жылында оқушыларға, ата-аналарға және ұстаздаға жылы лебізін білдірді. Сонымен қатар жиын қонақтарына, ата-аналарға құттықтау сөз берілді.
ДОТІЖО Г.Т. Инкарбекова құттықтап, оқу жылының басталуы туралы бұйрықпен таныстырып өтті.
Соңғы қоңырау соғу құрметі мектебіміздің 11-сынып оқушысы Әбен Жансая мен 1-сынып оқушысы Абай Жамбылға берілді.
Жиыннан соң 1 – 11 сыныптарға білім алушылармен бірге білімге ұмтылу, отаншылдық, еңбексүйгіштік құндылықтарының адам өміріндегі рөлін талқылау мақсатында «Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық» тақырыбында бірыңғай сынып сағаттары өткізілді. Сынып сағаттарында сынып жетекшілер адам өміріндегі құндылықтардың рөлін талқылауға басты назар аударды.
![](/uploads/posts/2022-11/1669111526_1669111320768.png)
![](/uploads/posts/2022-11/1669111508_1669111356841.png)
![](/uploads/posts/2022-11/1669111561_1669111381417.png)
![](/uploads/posts/2022-11/1669111596_1669111404093.png)
![](/uploads/posts/2022-11/1669111634_1669111423577.png)
![](/uploads/posts/2022-11/1669111622_1669111443498.png)