5-9 сыныпта оқушыларының ата-аналарына арналған кезекті 7 сабақ
18 сәуір күні мектепте 5-9 сыныпта оқушыларының ата-аналарына арналған кезекті 7 сабақ өткізілді. Сабақ тақырыбы: «Жасөспірімдермен қарым-қатынас ерекшеліктері»
Өрге жүзген өнегелі ісімен
Таңда адал дос өз теңіңнің ішінен.
(Әл-Фараби)
Сабақтың мақсаты: Балалардың айналасындағылармен жағымды қарым-қатынас орнатуына қолдау көрсету.
Міндеттері:
Балаға жағымды қарым-қатынастарды қолдауды, жағымсыз қатынастарға қарсы тұруды үйрету;
Ата-аналарға қарым-қатынас түрлері туралы түсінік беру (достық, жасөспірімдер субмәдениетіндегі мінез-құлық, буллинг және т.б.);
Ата-аналардың оң қарым-қатынасты қолдап, жағымсыз қарым-қатынасты жеңу дағдыларын игеруіне ықпал ету.
Ұлттық құндылықтар мен жеке қасиеттер:
Құрмет, эмпатия, қабылдау.
Сабақ аяқталғаннан кейін ата-ана: қазіргі жасөспірімдер арасындағы қатынастардың ерекшеліктері туралы түсінік алады; буллинг белгілерін тануды үйренеді; әртүрлі әдістерді қолдана отырып, баласымен сенімді қарым-қатынас орната алады.
Жұмыс форматы: тренинг элементтері бар сабақ.
Әдістер: дискуссия, ми шабуылы.