«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында
19 қантар күні мектепте «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында
10-11 сынып оқушыларының ата-аналары арасында «Құмарлыққа бой алдыру – тәуелділік құрдымы. Жоғары сынып оқушыларының дамуындағы тәуекел аймақтары» тақырыбында кезекті 4 сабақ өткізілді.
Сабақ мақсаты:ата-аналардың өз баласының қауіпсіздігін қамтамасыз ету қабілетін қалыптастыру, тәуелділік мінез-құлық қаупінің алдын алу жолдарын дамыту.
Күтілетін нәтижелер:
- Жоғары сынып оқушыларын тәрбиелеуге көмектесетін отбасы ресурстарын қалыптастыру.
- Ата-аналардың тәуелділіктің алдын алу және оған қарсы тұру шараларын әзірлеу.
- Психобелсенді заттарды қолданудың, құқық бұзушылықтыңпрофилактикасын жақсарту үшін жағдай жасау.
Ұлттық құндылықтар және тұлғаның жеке қасиеттері: үлкенді сыйлау, парасаттылық, ізгі ниет, өзін-өзі басқару, жауапкершілік, шығармашылық, өзара сыйластық, адалдық.
Жоспар:
- Тәуелділік түрлері (тамақ, алкоголь, есірткі, химия, вейпинг, құмар ойындар
және т.б.)
2. Жоғары сынып оқушыларындағы тәуелділіктің белгілері.
3. Сынықтан өзгенің бәрі жұғады. Тәуелді мінез-құлықтың алдын алу шаралары.
4. Тәуелділіктің алдын алуда отбасы мен мектептің өзара әрекеттесуі.