12
март
2024
Педагогтерді аттестаттау ережесінің жаңа өзгерістерімен таныстыру жұмыстары

2024 жылдың 12 наурыз күні Аманжол Тұрғымбаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды,бастауыш,негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі,қосымша білімнің білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагогтарді және білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы №83 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы».ҚР Оқу –ағарту министрі бұйрығының жобасын түсіндіру бойынша кезектен тыс педагогикалық кеңес өткізілді.
Кеңес барысында мектеп директоры Кокрекбаева Лайла Болысбековна педагогтарды аттестаттау бойынша жаңа жобадағы өзгерістерге тоқталып өтті. Жобаның жаңа өзгерістерімен таныстыру мақсатында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Мектеп педагогтері жаңа форматқа ағымдағы жылдың 31 желтоқсанына дейін көшеді.
Жаңа Ереженің мақсаты: педагогтердің үздіксіз дамуын қамтамасыз ету. Жаңа Ереже бойынша педагог жайлы барлық мәлімет Ұлттық платформада жинақталады. Әрбір пән мұғаліміне жеке кабинет берілді.
Педагогтер 5 жылда 1 рет, білім беру ұйымдары басшылары үшін 3 жылда 1 рет, басшы орынбасарлары үшін 3 жылда 1 рет аттестациядан өтеді.
Жаңа Ережедегі ерекшеліктер:
Бірінші басшының бұйрығымен біліктілік санаттары беріледі:
Аттестаттау мынадай кезеңдерді қамтиды:
Педагогтер үшін:
1.ПББ (тест тапсыру )
2.Қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтау.
Педагог жетістіктерінің тізіміне шығармашылық, спорттық конкурстар мен жарыстар енгізілді. Басшылар үшін ПББ тесті ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңынан 10 сұрақпен толықтырылды.
ПББ тестін тапсыру тәртібін бұзған жағдайда : аттестаттауға қатысуға тыйым салу мерзімі 5 жылдан 1 жылға дейін азайтылды.Тәртіпті қайта бұзған жағдайда: педагог, бөлім басшысы (меңгерушісі ), әдістемелік кабинеттің (орталықтың) әдіскері – бес жылға, білім беру ұйымының ,әдістемелік кабинеттің (орталықтың) бірінші басшысы (басшының орынбасары) –үш жылға аттестаттаудан шектеледі.
ПББ нәтижесі қалаған санатына жетпеген жағдайда: санатты растау кезінде бір деңгей төмен санат; санатты беру кезінде –ПББ нәтижелерінен жоғары емес санат беріледі.
ПББ тестінен санатты растау кезінде педагогикалық өтілі 30 және одан да көп жыл мұғалімдер босатылады. (педагог-шебер ПББ-дан босатылмайды).
Педагогтерге біліктілік санаттарын беру (растау) туралы шешімді Комиссия қабылдайды. Комиссия мынадай шешімдердің бірін қабылдайды: 1)өтініш берілген біліктілік санатына сәйкес келеді; 2) өтініш берілген біліктілік санатына сәйкес келмейді (қолданыстағы біліктілік санатына сәйкес келеді немесе қолданыстағы біліктілік санатынан төмен санатқа сәйкес келеді).
«Өтініш берілген біліктілік санатына сәйкес келмейді» шешімін қабылдаған кезде педагогке ПББ және қызмет қорытындыларын кешенді талдамалық жинақтау нәтижелеріне сәйкес біліктілік санаты беріледі.
Біліктілік санаты педагогтердің өтініші негізінде бірар 2 жылдан аспайтын мерзімге келесі жағдайларда ұзартылады:
1)денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен әлеуметтік маңызы бар аурулар мен айналасындаларға қауіп төндіретін аурулар тізбесіне сәйкес еңбекке уақытша жарамсыздық кезінде;
Уақытша еңбекке жарамсыз тұлғалар үшін; декреттік демалыстан шыққан тұлғалар үшін; Министрлікке, білім басқармаларына, әдістемелік кабинеттерге ауысқан педагогтер үшін санаттың қолданыс мерзімі 1 жылдан 2 жылға дейін ұзартылады. ПББ тестін басшылардың орынбасарлары да, әдіскерлер де, тапсырады.
Жасы бойынша зейнеткерлікке дейін 4 жылдан аспайтын педагогтер аттестаттау рәсімінен босатылады. Біліктілік санаты педагогтың өтініші негізінде зейнеткерлік жасқа толғанға дейін сақталады.Мұғалімдерге 2025 жылдан бастап педагогтарды аттестаттау «Ұстаз» платформасы арқылы жүргізілетінін ескертті.
Сонымен бірге педагогикалық кеңес барысында, мектебіміздің психологы А.Нысанова аттестациядан өтетін педагогтерді қолдау мақсатында "Кеме Арт техникасы" тренингін жүргізді.