❗️Білім беру ұйымдарына 1 сыныпқа құжаттарды қабылдау жалғасуда❗️
🔹1 сыныпқа қабылдауда «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы №564 бұйрығы басшылыққа алынады.
✅Өтінішті ата-аналардан қабылдау екі тәсілде жүзеге асырылады. 1) egov.kz электронды үкімет порталы арқылы 2) қағаз түрінде ❗️Өтініш бір жұмыс күні ішінде қарастырылады.
🔻Қажетті құжаттар тізімі: ▶️ата-ананың өтініші; ▶️«Бала денсаулығы паспорты» 026/у-3 нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама; ▶️063/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат; ▶️баланың 3х4 көлеміндегі 2 фотосуреті.
Бірінші сыныпқа 6 жастағы балалар қабылданады. Сонымен қатар 31 желтоқсанға дейін алты жасқа толатын балалар да бірінші сыныпқа бара алады. Барлық сұрақтар бойынша төмендегі телефонға хабарласуға болады. тел: 4-36-14 сот.тел: 87084558078