Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес
А.Тұрғымбаев атындағы №7жалпы орта білім беретін мектеп
12 қантар күні мектепте педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің жұмыс жоспары сай «Ұстаздың кәсіби іс-әрекетіндегі педагогикалық әдеп
«Педагог дауысы» тақырыбында ашық брифинг өткізілді.
Педагог өзінің кәсіби міндеттерін орындау кезіндегі сыртқы келбетіне баса назар аудару керек. Әр білім алушыға жол сілтеп, оның бойына жақсы қасиеттер сіңіретін бірден-бір жан болса, ол – ұстаз. «Шәкірттің жақсы болмағы – ұстазынан» деп дана халқымыз айтқандай, ұстаз балаларды білім нәрімен сусындатып, қолынан келгенін үйретіп, бағыт-бағдар беріп қана қоймай, сыртқы келбетімен, киім киісімен, өзін ұстау әдебімен үлгі бола білуі тиіс.
Іс-шара барысында мұғалімдер жағдайды жақсарту бойынша өз пікірлерін, ұсыныстарын білдірді.