06
январь
2023
Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7жалпы орта білім беретін мектебінде кезекті педагогикалық кеңес өтті
Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7жалпы орта білім беретін мектебінде
- оқу-тәрбие процесін жетілдіру жұмыстарына ұжым мүшелерін тарту;
-оқушылардың білім сапасын арттырудың тиімді жолдарымен бөлісу;
- шешімдерді алқалы түрде шығару және оны бірлесе отырып жүзеге асыру мақсатында кезекті педагогикалық кеңес өтті.
Педагогикалық кеңес барысында, ✅II- тоқсанның қорытындысы бойынша оқушылардың білім сапасы.
✅Білім сапасын арттыру. Lesson study — мұғалімнің кәсіби өрлеу жолы.
✅Тамақтандыру сапасына мониторинг.
✅1-11 сынып оқушыларының I жарты жылдық қорытындысы бойынша тәрбие деңгейін анықтау жұмыстарының қорытындысы.
✅Әртүрлі мәселелер қаралды.
Осы мәселелер бойынша өтілген педагогикалық кеңесте, мектептің тәжірибелі ұстазы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Баякова Қ. Т мектеп ұстаздарымен «Білім сапасын арттыру. Lesson study — мұғалімнің кәсіби өрлеу жолы» тақырыбында коуч өтті. Өткізілген коучингке жас мамандар мен 9-сыныпқа сабақ беретін ұстаздар қатысып, білім сапасын арттыру үшін қандай әдіс-тәсілдер қолданса тиімді болатыны жайлы ойларымен бөлісті.
Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Инкарбекова Г. Т II- тоқсанның қорытындысы бойынша оқушылардың білім сапасының нәтижесін айтты.
Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Канибетова А. М 1-11 сынып оқушыларының I жарты жылдық қорытындысы бойынша тәрбие деңгейін анықтау жұмыстарының қорытындысын айтып өтті.
![](/uploads/posts/2023-01//1673235353_whatsapp-image-2023-01-07-at-03_21_57-1.jpeg)
![](/uploads/posts/2023-01//1673235351_whatsapp-image-2023-01-07-at-03_21_57.jpeg)