«Нәтижеге бағытталған әдістемелік көмек» » СШ№7 с. Интернационал
Жамбыл облысы
әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Аманжол Тұрғымбаев атындағы
№7 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726343614
Есепші бөлімі:
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Нәтижеге бағытталған әдістемелік көмек»
03
январь
2024

«Нәтижеге бағытталған әдістемелік көмек»

Ағымдағы жылдың 03 қаңтар күні  ББЖМ бойынша  2023-2024 оқу жылына арналған «Нәтижеге бағытталған әдістемелік көмек» тақырыбындағы онкүндіктің жоспары  аясында бастауыш мұғалімі Адилбекова М,Құттыбаева Л 4,9-сынып пән мұғалімдерімен Білім сапасын көтеруге ББЖМ-ның үлесі тақырыбында  "Білім сапасын көтеруге ББЖМ-ның үлесі" тақырыбында коучинг өткізді. Ағымдағы жылдың  03-05 қаңтар күндері  ББЖМ ,Қорытынды аттестаттауға дайындық бойынша 2023-2024 оқу жылына арналған "Нәтижеге бағытталған әдістемелік көмек" тақырыбындағы онкүндіктің жоспары.
Білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингісінің (БЖЖМ) соңғы нәтижелерін талдау және оларды жақсартуда әдістемелік сүйемелдеу жүргізу тетіктерін қарастыру мақсатында пән мұғалімдері үшін мектепішілік ББЖМ - ға байланысты  семинар ұйымдастырылды. Білім алушылардың білім жетістіктерін бағалаудың тиімді амалдарын жетілдіру бойынша мектепшілік тест жинақ базасы әзірленді. Оған негіз болған құжат – Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 18 тамызда бекітілген ұйымдастырушылық іс-шаралар жоспарының «ББЖМ-ның орташа нәтижесінен ең көп ауытқуы бар өңірлердің мектептері үшін қысқа мерзімді тәжірибелік семинарлар өткізу» туралы 3,7,10-тармағындағы әдістемелік сүйемелдеу көрсету шараларын ұйымдастыру.. мақсаттары мен міндеттерін анықтау және бағдарламасымен таныстыру туралы математика пәнінің мұғалімі Асылбекова Д айтып өтті. Мектепішілік семинарда қатысушылар секция жұмыстарында мониторинг деректерін талдап, түрлі бағыттағы пәндердердің жетістіктері мен олқылықтардың себептерін талқылады. Іс-шараның жалғасы оқушыларды ББЖМ-ға дайындау үшін ғылыми-жаратылыстану, математикалық және оқу сауаттылығы бойынша тест тапсырмаларын талдауға ұласты.Сонымен қатар «Бастауыш сынып мұғалімдерінің ББЖМ (МОДО) әдістемелік қамтамасыз ету аспектілері» тақырыбында семинар ұйымдастырылды. Бастауыш сынып оқушыларының математикалық, жаратылыстану-ғылыми және оқу сауаттылық дағдыларын дамытуға бағытталған тапсырмаларды әзірлеуде педагогтердің шеберліктерін жетілдіру мақсатында өткізілген іс-шараларда білім алушылардың функционалдық сауаттылық дағдыларын қалыптастырудың негізгі мазмұндық және әдістемелік аспектілері қарастырылды. Іс-шара барысында жаратылыстану бағытындағы пәндер бойынша ашық сұрақтар құрастыру, проблемалық және жағдаяттық тапсырмалар әзірлеу және зерттеу әдістерін қолдана отырып, жаратылыстану тапсырмаларын орындау жолдары талқыланды..





Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: