2023-2024 оқу жылындағы мектеп формасы. » СШ№7 с. Интернационал
Жамбыл облысы
әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Аманжол Тұрғымбаев атындағы
№7 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726343614
Есепші бөлімі:
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 2023-2024 оқу жылындағы мектеп формасы.
11
сентябрь
2023

2023-2024 оқу жылындағы мектеп формасы.

А.Тұрғымбаев атындағы №7 жалпы орта білім беретін мектеп.


2023-2024 оқу жылындағы мектеп формасы.


2023-2024 оқу жылында Оқу-ағарту министрлігі орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарға өзгеріс енгізді. Жаңа өзгерістерге сәйкес, ұлдарға мектепке пиджак, жилет, шалбар, мерекелік жейде, күнделікті жейде, түймелері бар немесе сыдырмалы тоқылған күрте/кардиган, поло жейде немесе тенниска киюге болады. Ал қыста трикотаж жилет, водолазкаға рұқсат етіледі.

Ұлдарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұрады.

Ал қыздардың мектеп формасы:

пиджак, жилет, юбка, шалбар, классикалық жейде, түймелері бар немесе сыдырмалы тоқылған күрте/кардиган, поло жейде немесе тенниска;

қысқы уақытта: трикотаж жилет, сарафан, водолазка.

Қыздарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұрады.

Мереке күндері ұлдарға күнделікті формаға қосымша ақ жейде, ал қыздарға ақ блузка кию, сондай-ақ мектеп формасының негізгі түсіне сәйкес немесе кереғар келетін галстук тігу туралы талаптар алынып тасталады.

Мектеп формасына орта білім беру ұйымының ерекшелік белгілерін (белгілер, тігіспелер, шеврон және тағы басқа) орналастыруға рұқсат етіледі.

Сонымен қатар, мектеп формасының матасы ретінде қасиеттері жақсартылған жартылай жүн және мақта, киіске төзімді, антибактериалдық, антимикробтық және антистатикалық қасиеттері бар маталар қолдану ұсынылады.

Ата-аналар мен өзге де заңды өкілдер мектеп формасын кез келген сауда желісінен сатып ала алады.

Өңірлердің білім басқармалары ата-аналарға мектеп формасын отандық өндірушілерден сатып алуды ұсынады. Бірақ мектеп формасының жекелеген өндірушілеріне басымдық беруге жол берілмейді. Ата-аналар қай өндірушіні таңдайтынын өздері шешеді.

Форманың фасоны мен юбканың ұзындығын мектеп және кеңес (қамқоршылық кеңесі, ата-аналар комитеті, мектептегі өзін-өзі басқару) айқындайды және ол жалпымектептік ата-аналар жиналысының хаттамасымен бекітіледі.

Мектеп формасына қатысты мәселелерді талқылауға балалардың ата-аналары мен өзге де заңды өкілдері, мектептегі өзін-өзі басқару арқылы оқушылар қатысады және ұсыныстар енгізеді.

Мектеп формасына өзгерістер енгізу туралы шешім кеңеспен (қамқоршылық кеңесі, ата-аналар комитеті, мектептегі өзін-өзі басқару) келісу арқылы қабылданады.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: