«Тілім менің,қасиетті тірегім!»
1 НАУРЫЗ-АЛҒЫС АЙТУ КҮНІ!
Анықтама
Өткізілген күні: 26.02.2024ж.
Өткізілген орны: Мектеп кітапханасы
Қатысқандар:5-6 сынып оқушылары
Мақсаты: Оқушылардың «сыйластық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту
ризашылық, рахмет, алғыс туралы түсінік беру;
үлкен — кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым — қатынасын дамыту;
әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу
А. Тұрғымбаев атындағы № 7 ЖОББ мектебінде 2024 жылы ақпан айының 26-ші күні мектеп кітапханасында оқушылардың қатысуымен кітапханашы Каимбаева М.А. ұйымдастырумен «Тілім менің,қасиетті тірегім!»атты 1 наурыз-алғыс айту күніне орай көрме жасалып,оқырмандарға көрме туралы хабарлама жүргізді. Көрмеге 5-6 сынып оқушылары қатысты. Балалар, жылы сөз, қайырымды іс, жақсы ой, кіршіксіз сезімдеріңді ешкімнен ешқашан аямаңыздар. «Рахмет» деген қасиетті сөзді жиі айтыңдар. Өмірдің әрбір сәтін бағалай білуге үйреніңдер және Табиғат – Анаға мейірімді күні үшін,жақын адамдарға қайырымдылығы мен риясыз махаббаты үшін алғыс айтуды ұмытпаңдар және де толық нұсқасын QR код арқылы жүктеп алып, көруге болады.