Аманжол Тұрғымбаев атындағы № 7 ЖОББМ Мұхтар Әуезов 125 жыл » СШ№7 с. Интернационал
Жамбыл облысы
әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Аманжол Тұрғымбаев атындағы
№7 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726343614
Есепші бөлімі:
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Аманжол Тұрғымбаев атындағы № 7 ЖОББМ Мұхтар Әуезов 125 жыл
21
январь
2022

Аманжол Тұрғымбаев атындағы № 7 ЖОББМ Мұхтар Әуезов 125 жыл

Өткізілген күні: 22.01.2022ж.
Өткізілген орны: Мектеп кітвапханасы
               Қатысқандар:5-11 сыныптар
А.Тұрғымбаев  атындағы № 7 ЖОББ мектебінде 2022 жылы қантар айының 22-ші күні мектеп кітапханасында оқушылардың қатысуымен      кітапханашы   Каимбаева М.А. ұйымдастырумен Мұхтар Әуезовтың 125 жыл толуына орай көрме жасалып,оқырмандарға  көрме туралы хабарлама жүргізді. Көрмеге  5-11 – сынып оқушылары қатысты.
            Мұхтар Омарханұлы Әуезов 1897 жылы 28 сентябрь күні дүниеге келді. Үй ішінде «ең кішкентай, момын да ерке болған қоңыр бала» — Мұхтар атасы Әуез, әжесі Дінәсілдің аялаған немересі болып өседі. Мұхтардың туған жері – Семей облысы, Абай ауданы. Оның жас шағында да, кейін де көп аралап көзінен таса етпеген, бақытты, шабытты ыстық күндерін өткізген, талай құпиясын ашқан, өнер әлеміне ұшырған аймағы – қазақ халықының байтақ өлкесі. Ол «Еңлік-Кебек», «Абай жолы», «Қараш-қараш оқиғасы», «Көксерек» сияқты шығармаларын осы өзі туған өлкеден тапқан.
      Мұхтар Әуезов – қажымас қайрат, үлкен дарын, сарқылмас шабыт, мол парасат, шалқар ой, терең сезім иесі, гуманист жазушы. Оның проза, драма, ғылым, аударма саласында жазып қалдырған еңбектері – қазақ халқы әдебиетінің зор қазынасы. Бұл өмірбаянда жазушы шығармаларының бәріне баға беру мүмкін емес, алайда түсінігіміз үстірт болмау үшін Әуезовтың өмірбаяны, 1917-18 жылдары жарияланған мақалалары, «Еңлік-Кебек», «Абай жолы» және Абай туралы жазған ғылыми еңбегі жөнінде кейбір ойымызды ортаға салмақпыз.Жас шағынан үнемі үйрену, іздену үстінде – қоғам қайреткері, педагог, жазушы, аудармашы болып көрінген Мұхтар Әуезов өмірінің ақырына дейін осы салаларда қажымай еңбек етті. Батыс, Шығыс классиктері, қазақ халқының ұлы демократтары үлгі алды. Оның ойы сараланып, сөз шеберлігі арта түсуіне әсіресе Абай игі әсер етті.Бір-біріне қара-қарсы екі түрлі қоғам өмірінің қос қыртыс аралығында әдебиет дүниесіне келген Мұхтар Әуезов өмірбаянында алғаш жазған көркем шығармаларының өзімен өрелі, байсалды, дарынды жазушы екенін аңғартқан еді.
Кітапханашы: Каимбаева М.А.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: