«Тіл-халқымның баға жетпес мұрасы!» кітап көрме «Тілім-тірегім» » СШ№7 с. Интернационал
Жамбыл облысы
әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Аманжол Тұрғымбаев атындағы
№7 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726343614
Есепші бөлімі:
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Тіл-халқымның баға жетпес мұрасы!» кітап көрме «Тілім-тірегім»
04
сентябрь
2023

«Тіл-халқымның баға жетпес мұрасы!» кітап көрме «Тілім-тірегім»

Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7 ЖББМ

Анықтама

 «Тіл-халқымның баға жетпес мұрасы!» кітап көрме  

«Тілім-тірегім»  туралы 

Анықтама  

Өткізілген күні: 04.09.23ж.

Өткізілген орны: мектеп   кітапханасында

Қатысқандар:5-9 сынып оқушылары

Мақсаты: Оқушыларға мемлекеттік тілдің өркендеп,оянуына,мемлекеттік тілімізді сүйуге,мемлекеттік тілді аяққа баспай,мәртебесін биік ұстау жөнінде,әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері,салт-дәстүрі,діні,тіл ерекшелігі болатынын түсіндіру.Оқушылардың ой-өрісін,дүниетанымын кеңейту,сөздік қорын молайту,жұрт алдында еркінауыз екі сөйлеуге баулу.

 Кітап көрмені ұйымдастырушы, кітапханашы Кайымбаева М. А. Оқушыларға   мемлекеттік тіл және оның қоғамдағы орны туралы анықтама берді.

     «Анамыздың ақ сүтінен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту- бүкіл ата –бабамызды,тарихымызды ұмыту»,-деген Б.Момышұлы.Ана тілімізді құрметтеп,сүйе білейік.Мемлекеттік тілді көп оқып, бір-бірімізбен қазақша сөйлесейік.Бүгінгі ұрпақ ана тіліне жетік,білімді,мәдениетті болуы шарт,-дей отырып,Тілді қорғап,қастерлеу,әрқайсысымыздың міңдетіміз,парызымыз  екенін ұмытпайық.   «Тіл- тіршіліктің бастауы» деп бекер айтылмаған. Себебі, адам баласы ес білген кезінен бастап айналадағы жаңа ұғымдарды ана тілі арқылы қабылдап, үйрене бастайды. Ана тілін балалар ананың әлдиінен, бесік жырынан, қоршаған ортасынан еліктеу арқылы үйренеді. Есейе келе кітаптан, қоғамнан, халықтан үйреніп, меңгереді. Осылай ана тіліміз ананың ақ сүтіндей бойымызға сіңе береді. Әркім өзінің ана тіліне деген құрметін ешқашан жоғалтпауға тиіс. Өйткені, ана тілі арқылы ғана маңайындағыны саралап ой түйетін адам өзінің еліне деген сүйіспеншілігін арттыра түседі. Қазақтың ұлы тұлғалары Абай, Мағжан, Мұхтар, Сәбит, Жұбандар сөйлеткен қазақ тілі.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: