«Балдәурен» лагеріндегі сегізінші күн! » СШ№7 с. Интернационал
Жамбыл облысы
әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Аманжол Тұрғымбаев атындағы
№7 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726343614
Есепші бөлімі:
Нашар көрушілер
нұсқасы
» «Балдәурен» лагеріндегі сегізінші күн!
10
июнь
2026

«Балдәурен» лагеріндегі сегізінші күн!

Лагерьдің сегізінші күні өте қызықты әрі мазмұнды өтті. Күн таңертеңгі дене шынықтыру жаттығуларынан басталды. Балалар түрлі қимыл-қозғалыс ойындарын ойнап, сергіту жаттығуларын орындап, өздерінің денсаулықтарын нығайтты. Бұл жаттығулар олардың белсенділігін арттырып, көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Келесі кезекте «Кел, ән шырқайық!» музыка сабағы өтілді. Балалар сүйікті әндерін орындап, топ болып ән айтып, өз өнерлерін көрсетті. Музыкалық іс-шара барысында ән айту мәдениеті мен шығармашылық қабілеттері дамыды.

Одан кейін балалар кітапханаға барып, қызықты кітаптармен танысты. Олар ертегілер, танымдық әңгімелер оқып, кітаптың адам өміріндегі маңызы туралы мәлімет алды. Кітапханадағы уақыт балалардың оқуға деген қызығушылығын арттырды. «Ойлан,тап,құрастыр!» тақырыбында ойын сабақ өткізілді.

Күннің келесі бөлігінде психологпен жұмыс. Психологиялық тренингтер мен ойындар арқылы балалар бір-бірімен жақсы қарым-қатынас орнатуды, өз ойларын еркін жеткізуді және достық қарым-қатынасты нығайтуды үйренді.

Жоспарға сәйкес ерекше көңілді өткен «Маска күні» ұйымдастырылды. Балалар өз қолдарымен дайындаған түрлі кейіпкерлердің маскаларын киіп, қызықты сайыстар мен ойындарға қатысты. Әр бала өз бейнесін таныстырып, шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Бұл іс-шара балаларға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, күннің ең есте қаларлық сәттерінің біріне айналды. Содан соң ыстық тағаммен қамтылды.

Осылайша лагерьдің сегізінші күні балалар үшін пайдалы, қызықты және әсерге толы өтті. Олар жаңа білім алып, шығармашылықтарын дамытып, достарымен бірге көңілді уақыт өткізді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: