"Балдаурен" жазғы сауықтыру лагерінде алтыншы күн! » СШ№7 с. Интернационал
Жамбыл облысы
әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Аманжол Тұрғымбаев атындағы
№7 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726343614
Есепші бөлімі:
Нашар көрушілер
нұсқасы
» "Балдаурен" жазғы сауықтыру лагерінде алтыншы күн!
08
июнь
2026

"Балдаурен" жазғы сауықтыру лагерінде алтыншы күн!

Анықтама 

Күні: 08.06.2026

«Балдәурен» лагеріндегі алтыншы күн!

Дүйсенбі күні лагерінде балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру және олардың денсаулығын нығайту мақсатында түрлі іс-шаралар өткізілді.

Таңертең барлық балалар көтеріңкі көңіл күймен көңілді әуен ырғағымен ертеңгілік жаттығуларын жасады. Жаттығулар барысында балалар сергіп, белсенділік танытып, күнді жақсы көңіл күймен бастады. Күн тәртібіне сәйкес балалардың қызығушылықтары мен қабілеттерін дамыту мақсатында түрлі үйірме жұмыстары ұйымдастырылды. Үйірмелер барысында оқушылар шығармашылық жұмыстармен айналысып, өздерінің өнерге, спортқа және танымдық бағыттарға деген қызығушылықтарын арттырды. «Кітап – білім бұлағы»  кітапханаға жұмысы ұйымдастырылды. Сонымен қатар 1–4 сынып оқушыларынан құралған топтар кезек-кезегімен «Ойын алаңы» дене шынықтыру сабағына қатысты. Сабақ барысында әртүрлі қимылды ойындар ұйымдастырылып, балалар өздерінің ептіліктерін, шапшаңдықтарын және ұйымшылдықтарын көрсетті.

Жоспарға сәйкес лагерьде «Лагерь ханшайымы – 2026» байқауы өткізілді. Байқауға қатысушылар өз өнерлерін, шығармашылық қабілеттерін және сахна мәдениетін көрсетті. Әділқазылар алқасының шешімімен үздік қатысушылар анықталып, жеңімпаздар дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды.

Лагерь демалушылары ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. Балаларға белгіленген ас мәзіріне сәйкес сапалы әрі құнарлы тағамдар ұсынылды.

Өткізілген іс-шаралар балалардың жазғы демалысын қызықты әрі пайдалы өткізуіне, шығармашылық қабілеттерін дамытуына және салауатты өмір салтын қалыптастыруына оң әсерін тигізді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: