02
июнь
2025
«Балалар – біздің болашағымыз» атты аулалық іс-шара
2025 жылдың 2 маусым күні Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7 жалпы орта білім беретін мектебінде Балаларды қорғау күніне орай «Балалар – біздің болашағымыз» атты аулалық іс-шара ұйымдастырылып, өткізілді.
Мақсаты:
- Балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлау.
- Олардың құқықтарын қорғау, бақытты балалық шақ құндылығын ұғындыру.
- Достықты, бірлікті, шығармашылықты және салауатты өмір салтын насихаттау.
Іс-шара мектеп ауласында ашық аспан астында өтті. Бағдарламада көңілді ойындар, спорттық жарыстар, ән мен би, балалар шығармашылығы көрмесі ұйымдастырылды. Балалар өз өнерлерін көрсетті, түрлі ойын-сауық сайыстарына қатысып, сыйлықтар мен мақтау қағаздарына ие болды. Ата-аналар мен мұғалімдер де белсенді қатысып, мерекеге ерекше атмосфера сыйлады.
«Балалар – біздің болашағымыз» атты іс-шара балалардың белсенділігін арттырып, қуаныш пен шаттыққа толы сәттер сыйлады. Мереке жоғары деңгейде ұйымдастырылып, тәрбиелік мәні зор мазмұнда өтті.