«Балдәурен» лагеріндегі жетінші күн!
9 маусым күні «Балдәурен» жазғы сауықтыру лагерінде балалар үшін мазмұнды да қызықты іс-шаралар ұйымдастырылды. Таңертең лагерь демалушылары мектеп ауласына көтеріңкі көңіл күймен жиналып, көңілді әуеннің сүйемелдеуімен таңғы жаттығулар жасады. Сергіту сәті балалардың денсаулығын нығайтып, күнді жақсы көңіл күймен бастауына ықпал етті.
Келесі кезекте балалар «Кел, ән шырқайық!» атты музыка сабағына қатысты. Сабақ барысында оқушылар өздерінің сүйікті әндерін орындап, музыкалық ойындарға қатысып, өнерлерін ортаға салды. Ән айту арқылы балалардың шығармашылық қабілеттері дамып, көңіл күйлері көтерілді.
Сонымен қатар, 1–4 сынып оқушыларынан құралған топтар арасында түрлі қызықты және қимылды ойындар ұйымдастырылды. Балалар командалық ойындарға белсенді қатысып, ептілік пен шапшаңдықтарын көрсетті. Ойындар барысында бір-бірімен достық қарым-қатынас орнатып, ұйымшылдық пен татулықтың маңызын түсінді.
Одан кейін лагерь тәрбиеленушілері дене шынықтыру сабағына қатысты. Сабақ барысында балалар әртүрлі спорттық жаттығулар орындап, жүгіру, секіру және эстафеталық жарыстар, шахмат ойындарына қатысты. Қимыл-қозғалыс ойындары арқылы оқушылардың шапшаңдығы, төзімділігі және ептілігі дамытылды. Спорттық іс-шаралар балалардың салауатты өмір салтына деген қызығушылығын арттырып, денсаулықтарын нығайтуға бағытталды.
Түскі уақытта лагерь тәрбиеленушілері ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. Балалардың дұрыс тамақтануына ерекше көңіл бөлініп, пайдалы әрі құнарлы ас ұсынылды.
Осылайша, лагерьдегі бір күн қызықты іс-шараларға толы болып, балалар уақыттарын пайдалы әрі көңілді өткізді. Мұндай жұмыстар оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытып қана қоймай, кітапқа деген қызығушылығын арттырып, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелейді.
