"Балдаурен" лагеріндегі бірінші күн!
2026 жылғы 1 маусым күні Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7 жалпы орта білім беретін мектебінде «Балдәурен» мектеп жанындағы сауықтыру лагерінің салтанатты ашылу рәсімі мектеп ауласында өткізілді. Салтанатты жиынды «1 маусым-Балаларды қорғау күні» мерекесіммен мектеп директоры Л.Б. Кокрекбаева және Тұрар Рысқұлов ауылдық округі әкімі Е.Н.Қалысбаев құттықтап балаларға бос уақытын тиімді пайдалануға, іс-шараларға белсенді қатысуға шақырды. Лагерьдің ашылу рәсіміне 1-8 сынып оқушылары қатысты. Қауіпсіздік ережелері түсіндіріліп, күн -тәртібімен таныстырылды. Салтанатты жиында балалардың сүйікті ертегі кейіпкері аю қызықты ойындар ойнатып, би билетті. Балалардың мейрамына 100 балаға тәтті балмұздақ таратылды. Оқушылар ән айтып, би билеп, түрлі ойындар мен таныстыру бағдарламаларына қатысты. Жиын соңында оқушыларды топ жетекшілері және тәлімгерлері белгіленген кабинеттеріне апарып, күн тәртіптерімен таныстырып, кітапхана, мектеп психологтары және медбике топтармен танысты. Айта кету керек лагерь аумағы балалардың жайлы демалуы үшін барлық қажетті құралдармен жабдықталған. Ыңғайлы асхана, ойын бөлмелері мен ойын-сауық алаңдары қарастырылған. Сонымен қатар жазғы сауықтыру демалыс лагеріне қатысатын балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып психологиялық жаттығулар ұйымдастырылып, әр күнді қызықты әрі көңілді өткізуге жағдай жасалады. 