---
«Балдәурен» лагеріндегі сегізінші күн!
Лагерьдің сегізінші күні өте қызықты әрі мазмұнды өтті. Күн таңертеңгі дене шынықтыру жаттығуларынан басталды. Балалар түрлі қимыл-қозғалыс ойындарын ойнап, сергіту жаттығуларын орындап, өздерінің денсаулықтарын нығайтты. Бұл жаттығулар олардың белсенділігін арттырып, көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Келесі кезекте «Кел, ән шырқайық!» музыка сабағы өтілді. Балалар сүйікті әндерін орындап, топ болып ән айтып, өз өнерлерін көрсетті. Музыкалық іс-шара барысында ән айту мәдениеті мен шығармашылық