---
«Балдәурен» лагеріндегі жетінші күн!
9 маусым күні «Балдәурен» жазғы сауықтыру лагерінде балалар үшін мазмұнды да қызықты іс-шаралар ұйымдастырылды. Таңертең лагерь демалушылары мектеп ауласына көтеріңкі көңіл күймен жиналып, көңілді әуеннің сүйемелдеуімен таңғы жаттығулар жасады. Сергіту сәті балалардың денсаулығын нығайтып, күнді жақсы көңіл күймен бастауына ықпал етті. Келесі кезекте балалар «Кел, ән шырқайық!» атты музыка сабағына қатысты. Сабақ барысында оқушылар өздерінің сүйікті әндерін орындап, музыкалық ойындарға қатысып,