"Дос болайық, ренжітпейік" тақырыбында тренинг
2026 жылдың 4 ақпан күні мектебімізде 2-3 сыныптармен "Дос болайық, ренжітпейік" тақырыбында тренинг өткізілді. Мақсаты: Оқушыларға достықтың маңыздылығын түсіндіру. Бір-бірін ренжітпеуге, кешірімді болуға тәрбиелеу. Достық қарым-қатынас орнатуға, ынтымақтастыққа үйрету.Тренинг барысында «Дос деген кім?», «Жақсы – жаман іс», «Шардың сыры», «Тілек гүлі» т.б. ойын-жаттығулары өткізілді. Оқушылар іс-шараға белсене қатысты.