06
февраль
2026
«Балаңа уақыт арна» тақырыбында ата-аналар форумы
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында “Заң және тәртіп” құндылығын іске асыру мақсатында 2026 жылдың 6 ақпан күні Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7 жалпы орта білім беретін мектебінде «Балаңа уақыт арна» тақырыбында ата-аналар форумы өткізілді. Форумның мақсаты – отбасы құндылықтарын нығайту және ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігі мен рөлін арттыру.
Форумның негізгі міндеттері:
- Баланың бос уақытын тиімді ұйымдастыру және оған сапалы уақыт бөлудің маңыздылығын түсіндіру.
- Қазіргі заманғы тәрбие мәселелері (гаджетке тәуелділік, буллинг, психологиялық сауаттылық) бойынша ата-аналарға әдістемелік көмек беру.
- Мектеп пен отбасы арасындағы байланысты күшейту.
Форумға Т.Рысқұлов ауылдық округ әкімі Қалысбаев Е.Н., Меркі АПБ-нің бастығының орынбасары полиция подполковнигі Байтемиров Б.Р., ақсақалдар кеңесінің төрағасы Абдразаков М.Ш., ақ жаулықты әжелер және ата-аналар қатысты. Келген қонақтар ата-аналармен ашық әңгіме жүргізіп, өз тәжірибелерімен бөлісіп, бала тәрбиесінде кездесетін қиындықтар мен оларды шешу жолдары талқыланды.


