Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7 жалпы орта білім беретін мектебінде Мектеп Парламентінің президентінің сайланғаны туралы анықтама 9 қыркүйек
Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7 жалпы орта білім беретін мектебінде Мектеп Парламентінің президентінің сайланғаны туралы анықтама
Мектебімізде оқушылардың өзін – өзі басқару ұйымының негізі ретінде президенттік басқару жүйесі қалыптасқан. Балалардың білімге құштарлығын арттыру, өзін – өзі басқару жұмысына жетелеу, ұжымдық жауакершілікті сезіне білуге қалыптастыру. Оқушының дүние танымын, жан – жақты ойлау қабілетін, ой – өрісін дамыту, көп ізденуге, бірін – бірі тыңдап, өз ойын еркін айтуға дағдыландыру. Оқушылардың мектепке деген құрмет сезімін ояту, «Өзін – өзі басқару әліппесін» меңгеру, болашақта мемлекет тұтқасын ұстайтын ұрпақты отан сүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында Мектеп Президентін сайлау өтті.
Сайлау барысында Сайлау алды парақшалары таратылды, кандидаттардың тізімі белгіленіп,,, сайлауалды бағдарламалары ілінді. Үміткерлерді сайлау мектепке кіре беріс дәлізге сайлау жәшігі қойылды, комиссия мүшелері отырып келген оқушыларға сайлау парақшасын бір – біреуден беріп, бір – бір оқушыдан сайлау жүргізілді. Оқушылар сайлау парақшасын белгілеп сайлау жәшігіне салып отырды. Әр – бір дауыс беруші бір ғана үміткерді таңдады. Сайлау комиссия үміткерлерді сайлау жәшігін ашып көріп дауыстарды санады.
Мектепте Өзін – өзі басқару ұйымының президентіне үміткерлер:
1. Оралбай Н-8Ә
2. Жүгініс Қ-9А
3. Оралбаева Г-8Ә
4. Нагмет А-8Ә
5. Ерғали А-9А
6.Тұңғатар Е-9Ә
7. Үсен А-8Ә
8. Тоқтарбай А-8Ә
9.Тұңғатар Б-8А
Қорытындылай келе сайлауға жалпы қатысқан 300 оқушының дауыс беруі нәтижесінде Өзін өзі басқару ұйымының президенті болып Тұңғатар Е сайланды.
Калған кандидаттар Мектеп Президентінің фракция жетекшілері болып сайланды.