Мектеп Президентін және Ұланбасын сайлау өтті.«Ұланбасы» - «Жас Ұлан» көшбасшысы түрлі әлеуметтік жобалар мен шараларды ұйымдастырады. » СШ№7 с. Интернационал
Жамбыл облысы
әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Аманжол Тұрғымбаев атындағы
№7 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726343614
Есепші бөлімі:
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мектеп Президентін және Ұланбасын сайлау өтті.«Ұланбасы» - «Жас Ұлан» көшбасшысы түрлі әлеуметтік жобалар мен шараларды ұйымдастырады.
26
сентябрь
2022

Мектеп Президентін және Ұланбасын сайлау өтті.«Ұланбасы» - «Жас Ұлан» көшбасшысы түрлі әлеуметтік жобалар мен шараларды ұйымдастырады.

Мектебімізде оқушылардың өзін – өзі басқару ұйымының негізі ретінде президенттік басқару жүйесі қалыптасқан. Балалардың білімге құштарлығын арттыру, өзін – өзі басқару жұмысына жетелеу, ұжымдық жауакершілікті сезіне білуге қалыптастыру. Оқушының дүние танымын, жан – жақты ойлау қабілетін, ой – өрісін дамыту, көп ізденуге, бірін – бірі тыңдап, өз ойын еркін айтуға дағдыландыру. Оқушылардың мектепке деген құрмет сезімін ояту, «Өзін – өзі басқару әліппесін» меңгеру, болашақта мемлекет тұтқасын ұстайтын ұрпақты отан сүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында Мектеп Президентін және Ұланбасын сайлау өтті.«Ұланбасы» - «Жас Ұлан» көшбасшысы, оқушылардың өзін-өзі басқару органының жетекшісі болып есептеледі, мектеп оқушыларының қоғамдық қызметін басқарады, оқушылар мен мектеп әкімшілігінің өзара қатынастарын жүзеге асырады, мектеп қызметін жақсарту мақсатында өзінің және оқушылардың атынан ұсыныстар енгізеді, оқушылар мен ұстаздар арасында туындаған мәселелерді шешуге атсалысады, түрлі әлеуметтік жобалар мен шараларды ұйымдастырады.
Сайлау барысында Сайлау алды парақшалары таратылды, кандидаттардың тізімі белгіленіп,,, сайлауалды бағдарламалары ілінді. Үміткерлерді сайлау мектепке кіре беріс дәлізге сайлау жәшігі қойылды, комиссия мүшелері отырып келген оқушыларға сайлау парақшасын бір – біреуден беріп, бір – бір оқушыдан сайлау жүргізілді. Оқушылар сайлау парақшасын белгілеп сайлау жәшігіне салып отырды. Әр – бір дауыс беруші бір ғана үміткерді таңдады. Сайлау комиссия үміткерлерді сайлау жәшігін ашып көріп дауыстарды санады.
Мектепте Өзін – өзі басқару ұйымының президентіне және «Жас Ұлан» БмЖ ұйымының Ұланбасына үміткерлер:
1. Оралбай Н-8Ә
2. Жүгініс Қ-9А
3. Оралбаева Г-8Ә
4. Нагмет А-8Ә
5. Ерғали А-9А
6.Тұңғатар Е-9Ә
7. Үсен А-8Ә
8. Тоқтарбай А-8Ә
9.Тұңғатар Б-8А
Қорытындылай келе сайлауға жалпы қатысқан 300 оқушының дауыс беруі нәтижесінде Өзін өзі басқару ұйымының президенті болып Тұңғатар Е сайланды, Ал Оралбай Н «Жас Ұлан» БмЖҰ Ұланбасы болып сайланды. 
Калған кандидаттар Мектеп Президентінің фракция жетекшілері және Ұланбасының бөлім жетекшілері болып сайланды.


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: