05
апрель
2022
«Мамандықты дұрыс таңдау» тақырыбындағы 8-11 сынып оқушыларының ата-аналар жиналысы өткізілді.

Жиынға 8-11 сынып оқушыларының ата-аналары қатысты.
Күн тәртібінде:
«Мамандықты дұрыс таңдау» тақырып бойынша әңгіме. Ата-аналарды балаларының болашақта мамандық тандауды дұрыс жасауына керекті мәлімет және ақпараттармен қамтамасыз ету.
Тыңдалды:
ДТЖО Канибетова А.М. - Кәсіби бағдар беру бойынша, мектеп ата-аналармен тығыз жұмыс жасауымыз керек. Ыстық ұя, туған үйлерінен кейінгі, екінші үйлері мектебі, өмірде өз орындарын табуға бірден бір себепші болары сөзсіз. Мамандық таңдап, болашақтан өз орындарын ойып табуда ата-анадан бөлек, ұстаздардың үлесі зор екенін білеміз. Осы орайда, оқушылардың қабілеттері мен бейімдерін шыңдауда мектеп ұжымы аянбай жұмыс жасауда, әр баланың өмірдегі өз орнын табуына барынша көмек көрсетіп келеді.
Жиын барысында ата-аналар қоғамдық кеңесінің төрайымы Нуримова Ж.М. сөз сөйледі. Ол өз сөзінде «Отан отбасынан басталады» демекші ата - аналар мен ұстаздар қауымы үшін жас ұрпақ тәрбиелеп, оны қоғам мүддесіне жарату кезек күттірмейтін мәселе. Осы мәселеге ата - аналар мен ұстаздар болып атсалыссақ, алар асуымыздың биік болары сөзсіз. Отбасы - өмірді кемеліне келтіретін, бақыт әкелетін қасиетті мекен. Дұрыс таңдалған мамандықтың оқушының қызығушылығы мен қабілетіне сәйкес келуі, болашақта оған қуаныш пен қанағат сезімін сыйлайды. Заман ағымына қарай, қоғамда түрлі мамандыққа сұраныс өзгеріп отырады, солай болған жағдайда да, оқушылардың өз қажеттіліктері мен қабілеттеріне сай, мамандық таңдауға дер кезінде ақпараттық көмек беру керекпіз.
11 сынып жетекшісі Турганбаева Ж. сөзінде
Кәсіби бағдар беру — жас ұрпақты өзіне ұнаған тиісті мамандықты саналы талдап алуға дайындауға бағытталған іс-әрекет. Мен 11 сынып оқушыларымен бір қатар жұмыс жүргіздім, мысалы тренингтер түрінде оқушылармен топтық кәсіптік бағдар беру сабақтары өткізілді. "Кім болғым келеді", "Заманауи мамандықтардың атласы", "Темперамент және мамандық ", "Мен мамандық әлеміндемін", "Мамандық әлемі" тақырыптарындағы кәсіптік бағдар беру бойынша төрт сабақ өткідім. Сабақтар оқушыларды болашақ мамандықты жауапкершілікпен таңдауға ынталандырады деп ойлаймын.
Жиын соңында мектеп психологі Нысанова А.К. тренинг жүргізді.