«Дұрыс және тиімді тамақтану» онкүндігі бойынша өткізілген іс-шаралар » СШ№7 с. Интернационал
Жамбыл облысы
әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Аманжол Тұрғымбаев атындағы
№7 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726343614
Есепші бөлімі:
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Дұрыс және тиімді тамақтану» онкүндігі бойынша өткізілген іс-шаралар
27
февраль
2020

«Дұрыс және тиімді тамақтану» онкүндігі бойынша өткізілген іс-шаралар

А.Тұрғымбаев атындағы №7 жалпы білім беретін мектебіндегі 2020 жылы
17-22 ақпан аралығында «Дұрыс және тиімді тамақтану» онкүндігі бойынша өткізілген іс-шаралар

Мектеп оқушылары арасында тиімді тамақтануды насихаттау және дұрыс тамақтану дағдыларын үйрету мақсатында 2020 жылы 17-22 ақпан аралығында «Дұрыс және тиімді тамақтану» атты он күндік іс-шаралар жоспары жасалынып, бірқатар іс-шаралар өткізілді.
Мектепте 17 ақпан күні мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Г.Т Инкарбекова мен медбике П.Т Джуанышова ұйымдастыруымен мектеп оқушыларына және ата-аналарға ілездеме өткізілді. Онда тамақтану тәртібі туралы, кез келген аурудың алдын алудағы дұрыс тамақтанудың маңыздылығы, оқушылардың денсаулығын нығайту мақсатында ДДҰ ұсынған тамақтанудың 12 қағидасын ұстану және жедел ішек инфекциясының алдын алу мақсатында қауіпсіз тамақтанудың 5 қағидасы туралы ақпарат берілді.
18 ақпан күні 5-9 сыныптар арасында «Жақсы тамақтана біл» тақырыбында ең үздік денсаулық бұрышы байқауы өткізілді. Байқаудын жеңімпазы 9 «а» сыныбы ІІ орынға, 9 «б» сыныбы ІІІ орынды, 6 «а» сыныптары иеленді.
19 ақпан күні мектептің әлеуметтік педагогы М.Ж Ошақбаева 5-11 сыныптар арасында «Дұрыс тамақтана білеміз бе?» атты сауалнама жүргізіп, қорытындысын жасады.
20 ақпан күні дұрыс тамақтану үшін гигиеналық ережелерді сақтау жолдарын түсіндіріп, тиімді әрі дұрыс тамақтануды үйрету мақсатында мектеп медбикесі Джуанышова П.Т. «Дұрыс тамақтану мәдениеті» тақырыбында 1-9 сыныптар арасында диктант алды.
21 ақпан күні 1-4 сыныптар арасында сынып жетекшілері «Дұрыс тамақтану пирамидасы» тақырыбында сынып сағаттарын ұйымдастырды. Сынып сағаттарының барысында дұрыс тамақтану қағидалары, артық салмақ пен семіздіктің алдын алу туралы айтылып, бейнетаспалар көрсетілді.
Сонымен қатар 5-9 сыныптар арасында «Фастфуд» дегеніміз не? Оның пайдасы мен зияны туралы» тақырып аясында бірыңғай ашық тәрбие сағаттарын өткізді. Тәрбие сағаттарында фасфудтың зияны туралы нақты мәліметтер көрсетілді, дұрыс тамақтану ұлтты сауықтырудың негізі және аурулардың алдын алу туралы айтылды.
Апталық барысында жоспар бойынша жүргізілген іс - шаралар, мектеп оқушыларының дұрыс және тиімді тамақтану, кез келген аурудың алдын – алудағы дұрыс тамақтанудың маңыздылығын, денсаулыққа пайдалылығы туралы мәліметтер алынып, насихаттау жұмыстары кеңінен жүргізілді.

«Дұрыс және тиімді тамақтану» онкүндігі бойынша өткізілген іс-шаралар






Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: