Әлеуметтік педагогтың көңіл аударатын басты объектісі – бала өмірінің әлеуметтік проблемалары. » СШ№7 с. Интернационал
Жамбыл облысы
әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Аманжол Тұрғымбаев атындағы
№7 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726343614
Есепші бөлімі:
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Әлеуметтік педагогтың көңіл аударатын басты объектісі – бала өмірінің әлеуметтік проблемалары.
09
апрель
2022

Әлеуметтік педагогтың көңіл аударатын басты объектісі – бала өмірінің әлеуметтік проблемалары.

     Әлеуметтік педагогтың көңіл аударатын басты объектісі – бала өмірінің әлеуметтік проблемалары.
     Әлеуметтік педагогтың «Тәуекел тобы» оқушылармен жүргізетін жұмысының мақсаты: проблемалық қауіпті өмір жағдайындағы балаланың әлеуметтік тұрақтануы үшін кедергі-қиындықтарды жеңу және оған жағдай жасау немесе проблеманы шешу, сонымен қатар әлеуметтік ортаның педагогикалық мақсатты, қолайлы жағдайын жасау.
    «Тәукелділер тобына» кірген 9,11 сынып оқушыларына мамандықты таңдау барысында әлеуметтік педагог диагностика жүргізеді.
  Диагностика жасөспірімнің психофизикалық, педагогикалық, әлеуметтік, психологиялық төрт статусын сипаттау негізінде тұлғалық жетілу деңгейлерін анықтау арқылы жүзеге асырылады. Мәртебесі сандық және сапалық талдауды қолдана отырып, арнайы әзірленген бес балдық шкала бойынша осы саладағы оқытушылар мен мамандардың сараптамалық бағалауларының көмегімен анықталады. Сонымен қатар, «Тәуекел тобындағы жасөспірімнің жеке картасы» толтырылады және жеке өсу үшін маңызды көрсеткіштердің диагностикасы: жетістік мотивациясы, әлеуметтік қызығушылық, шығармашылық.
     Әлеуметтік педагог  оқушыларының жеке ісімен танысып, бейімделмеу дәрежесі мен сипатын, оқу мотивациясының деңгейін, жасөспірім тұлғасының интеллектуалдық дамуын анықтады. Осы бойынша жұмыс жоспары жасалынды. 
     Жоспар бойынша «Тәукелділер тобына» кірген 9,11 сынып оқушыларымен тоқсанына бір рет әңгіме жүргізіп,  ақыл-кеңес беріп отырады. Сонымен қатар оқушылармен шығармашылық жұмыс та жүргізіледі. Атап айтсақ ол «Менің арманым» тақырыбында сурет салу, шығарма жазу, «Болашақта мен өзімнің өмірімді қандай болуын қалаймын» атты шығармашылық жұмыс өткізілді. 
    Бұл оқушылар үнемі әлеуметтік педагогтің назарында.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: