Діңмұхамед Қонаев 110 жыл «Қонаев-ұлы тұлға» » СШ№7 с. Интернационал
Жамбыл облысы
әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Аманжол Тұрғымбаев атындағы
№7 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726343614
Есепші бөлімі:
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Діңмұхамед Қонаев 110 жыл «Қонаев-ұлы тұлға»
07
январь
2022

Діңмұхамед Қонаев 110 жыл «Қонаев-ұлы тұлға»

Сабақтың  тақырыбы   «Қонаев – ұлы  тұлға». 
Сабақтың  мақсаты: 
  Білімділік:        Қонаевтың  қайраткерлік  өмірінен  мағлұмат  беру.  Өмірде  ұлы  тұлға   болып       қалыптасқан  атамызбен   балаларды  жақын    таныстыру. 
Дамытушылық:      Қонаев  туралы  ойпікірлерін           арттыру,ойларын  еркін  жеткізе                                                 білуге  дағдыландыру.
   Тәрбиелік:       «Ұлы  тұлға»  туралы  әңгімелей       отырып,  балаларды  адамгершілікке,                                           отансүйгіштікке  тәрбиелеу.
.Сабақтың  көрнекілігі:        Нақыл  сөздер, суреттер, буклет.
                                              
Мектеп  кітапханашысында  кітапханашы   Каимбаева М.А. ұйымдастырумен    «Қонаев – ұлы  тұлға»Діңмұхамед Қонаев  110 жылтолуына орай көрме жасалып,оқырмандарға  көрме туралы хабарлама жүргізді. Көрмеге  5-11 – сынып оқушылары қатысты.                        Ғасырда  емес,  ғасырларда  бір  туатын,  ел  құрметіне  бөленген  Дінмұхамед  Ахметұлы  Қонаев   халқына  сыйлы,  заманының  дара  туылған  перзенті.
 Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев сұңғақ бойлы,ақсары өңді,жылы жүзді,нар тұлғалы кісі болатын. Дінмұхамед  атамызды  ел  көзі  тірісінде – ақ  құрмет  тұтып, Димаш  атап  кеткен.  Димаш  атамыз  1912 жылы  12  қаңтарда  Алматы  қаласында  дүниеге  келген. Орта мектепті бітіргеннен кейін,1931 жылы Қазақстан өлкелік комсомол комитеті оны Мәскеу түсті металлургия институтына оқуға жібереді.1936 жылы институтты ойдағыдай бітіріп,тау кен  инженері мамандығын алған  Д.. А.. Қонаев Балқаш мыс қорыту комбинатының Қоңырат руднигіне жұмысқа орналасып,онда бұрғылау станогының машинисі ,цех бастығы, рудниктің бас инженері және оның директоры болады.  Он  бес  одақтастас  республиканы  Мәскеу  басқарып  тұрған  қиын  да  күрделі  заманда, Қонаев  атамыз  Қазақстанды  жиырма  жеті  жыл  бойы  басқарған.  Әділетті,  турашыл,  қарапайым  басшы  болды.  Ол  кісінің  алдына  елдің  бәрі  кіріп,  жұмысын  айтып  шыға  алатын.Қонаев  басқарып  тұрған  кезде  Қазақстан  он  бес  одақтас  республиканың  ішінде  екінші  орында  тұрды.  Бірінші – Ресей, екінші Украина  мен  Қазақстан  қатар  тұрды.  Бұл  Қонаевтың  Қазақстан  үшін  қаншалықты  еңбек  сіңіргенін  көрсетеді.    Ел  ең  алдымен  Қонаевтың  кішіпейілдігі,  мәдениеттілігі  жайлы  тамсана  әңгімелейді.  Димаш  атамыз  Академик  болған.  Академик  дегеніміз – жан жақты  білімді,  өте  сауаттыбәрін  білетін  адам.  Академиктерге  сол  кезде  ай  сайын  үш  жүз  сомнан  артық  ақша  төленетін  болған.Сол  ақшаны  Қонаев  атамыз  ай  сайын  балалар  үйіне  беріп  отырған.  Бұл  да  Дінмұхамед  атамыздың  Ұлылығының  бір  белгісі.
  Д.А.Қонаев –Ұлы отан соғысынан әбден күйзеліп артта қалған Қазақстанды толассыз көркейтіп дамытқан,оны алдыңғы қатарлы индустриялы – аграрлық республика дәрежесіне жеткізген –xx ғасырдағы қазақ халқының дара перзенті,қазақ мемлекетінің ұлы қайраткері. Дінмұхамед  Ахметұлы  Қонаев  ел  басқарып  тұрған  кезде  Қазақстанда  қырықтан  аса  қала  салынды.  Ол  қалалардың  бәрінде  атамыздың  айрықша  еңбегі  болды. Міне,  осы  істердің  бәрі  Қонаев  атамыздың  «Ұлы  тұлға»  екеніне  жеткілікті  дәлел  бола  алады.Өзі өмір сүрген күрделі уақыттың адал перзенті бола білген абзал азамат 1993 жылы тамыздың 22-інде, 82 жасқа қараған шағында кенеттен қайтыс болды.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: