25
октябрь
2021
Ыбырай Алтынсарин 180 ж. «Таза бұлақ»
Аманжол Тұрғымбаев атындағы № 7 ЖОББМ
Ыбырай Алтынсарин 180 ж.
«Таза бұлақ»
Анықтама
Өткізілген күні: 25.10.2021 ж.
Өткізілген орны:мектеп кітапханасы
Қатысқандар: 3 сыныптар
Мақсаты:
1.Оқушының кітапқа деген сүйіспеншілігін бастауыш сыныптан дағдыландыру;
2.Оқушыны күштеп емес,ерікті түрде кітап оқуға машықтандыру;
3. Көркем әдебиетке қызығушылығын арттыру;
4. Сөздік қорын сөйлеу мәдениетін қалыптастыру;
5. Оқушының рухани – адамгершілік құндылықтарын дамыта отырып,жан-жақты қалыптасқан жеке тұлға болуына жол ашу.
А. Тұрғымбаев атындағы № 7 ЖОББ мектебінде қазан айының 25-шы күні «Оқуға құштар мектеп» жобасын жүзеге асыру бағытында мектп кітапханасында «Ыбырай Алтынсарин 180»жылдығына орай «Кел,балалар,кітап оқимыз!» атты тақырыпта 3 сынып қушылары үшін «Таза бұлақ» әңгімесін ғақазіргі жағдайға байланысты сақтық шаралары мейлінше қатаң сақталып мектеп кітапханасы дауыстап оқу сағатын ұйымдастырді. Сабақта кітапханашы оқушыларға жұмбақ жасырды:
Бірде былдыр-былдыр,
Сәбилердің тіліндей
Бірде сыңғыр-сыңғыр
Қоңыраудың үніндей
Ән сап жатқан ерінбей,
Бұл не? (бұлақ)
Бұлақ дегеніміз не?Бұлақ (көз,бастау,қайнар) деп атаймыз -жер асты суларының жер бетіне (кейде су астына) Өздігінен шоқырлана шығатын жері.бүні біз бұлақ деп атаймыз
-Бұлақтың суы қандай болады?
Мөлдір Тұнық Суық,ыстық Табиғи су.
Ыбырай Алтынсарин «Таза бұлақ»
Үш жолаушы бір бұлақтың басында бір-біріне кез болыпты. Бұлақ бір тастақ жерден шыққан, айналасы қалың біткен ағаш жапырақтары бұлақтың үстіне төгіліп, суы мұздай, салқын, шыныдай жылтылдап тұрған сонша әдемі, таза бұлақ екен. Су шыққан жеріне бір қазандай тасты біреу ойып қорғаныш кылып, тастың суағар жеріне жазу жазыпты:
— Әй, жолаушы, болсаң осы бұлақтай бол, — деп. Манағы үш жолаушы бұлақтан ішіп қанған соң жазуды оқып, біреуі саудагер екен, ол айтты:
— Бұл жазылған ақыл сөз екен, бұлақ күн-түн тынбай ағып, алыс жерлерге барады, бара-бара кеңейіп, үлкейеді, бұған бөтен бұлақтар құйып, сөйте бара үлкен өзен болып кетеді. Мұнан мұрат сол: сен де, адам, тынбай қызмет қыл, ешуақытта жалқауланып тоқтап қалма, сөйтсең, ақырында, сен де зорайып мұратыңа жетесің дегені ме деп білемін, — деді.
Екінші жолаушы мүсәпір молда екен, басын шайқап:
— Жоқ мен олай ойламаймын, бұл жазудың мағнасы сіздің ойлағаннан гөрі жоғарырақ соқса керек, бұл бұлақ: кім-кімге болса да даяр, ыстықтағанды салқындатып, жанын рақаттандырады, сусағанның сусынын қандырады, оның үшін ешкімнен ақы дәметпейді; бұлай болса адамға да әбірет сол: біреуге жақсылық етсең, ол жақсылығыңды ешкімге міндет етпе дегені болса керек, — деді.
Үшінші жолаушы көркем келген бір әдемі жігіт екен, бұл үндемей тұрды. Жолдастары: «Сен не ойлайсын?» — деп сұрады.
Жігіт айтты:
— Менің ойыма бөтен бір нәрсе келеді: бұл бұлақтың суы бір орында тынып тұрып, шөп-шалам түсіп, лай-қоқым болса, бұған адам мен айуан мұнша ынтық болмас еді; бұлақ күні-түні тынбай ағып тазаланып тұрғаны үшін ынтық болады. Олай болса, жазудың мағынасы: көңіліңді, бойыңды осы бұлақтай таза сақта, нешік бұлаққа қарасақ күн түссе күннің, шөп түссе шөптің сәулесін көреміз, көңілің сол реуішті сыртқа ашық көрініп тұрсын дегені ме деймін, — деді.
Қорытындылай келе осы үш жолаушының айтқан ойын саралайтын болсақ , үшінші жолаушының сөзі мен ойы адамға ой саларлықтай екенін аңғаруға болады. Яғни, әр адам өзінің ойы мен тұла бойын қажетсіз нәрселермен, қажетсіз оймен лайламай таза ұстағаны дұрыс. Әрине, бұл қасиет кез- келгеннің қолынан келе бермейтін ең ізгі қасиеттердің бірі болып табылады. Сондықтан да қоғамға пайдалы, көңілі таза азамат болуға тырысайық. « Жақсының жақсылығын айт, нұры тассын, Жаманның жамандығын айт, құты қашсын» , деген мақал осы әңгімеге сәйкес келіп тұр.![](/uploads/posts/2021-12/1638414829_29.jpg)
![](/uploads/posts/2021-12/1638414784_30.jpg)
Ыбырай Алтынсарин 180 ж.
«Таза бұлақ»
Анықтама
Өткізілген күні: 25.10.2021 ж.
Өткізілген орны:мектеп кітапханасы
Қатысқандар: 3 сыныптар
Мақсаты:
1.Оқушының кітапқа деген сүйіспеншілігін бастауыш сыныптан дағдыландыру;
2.Оқушыны күштеп емес,ерікті түрде кітап оқуға машықтандыру;
3. Көркем әдебиетке қызығушылығын арттыру;
4. Сөздік қорын сөйлеу мәдениетін қалыптастыру;
5. Оқушының рухани – адамгершілік құндылықтарын дамыта отырып,жан-жақты қалыптасқан жеке тұлға болуына жол ашу.
А. Тұрғымбаев атындағы № 7 ЖОББ мектебінде қазан айының 25-шы күні «Оқуға құштар мектеп» жобасын жүзеге асыру бағытында мектп кітапханасында «Ыбырай Алтынсарин 180»жылдығына орай «Кел,балалар,кітап оқимыз!» атты тақырыпта 3 сынып қушылары үшін «Таза бұлақ» әңгімесін ғақазіргі жағдайға байланысты сақтық шаралары мейлінше қатаң сақталып мектеп кітапханасы дауыстап оқу сағатын ұйымдастырді. Сабақта кітапханашы оқушыларға жұмбақ жасырды:
Бірде былдыр-былдыр,
Сәбилердің тіліндей
Бірде сыңғыр-сыңғыр
Қоңыраудың үніндей
Ән сап жатқан ерінбей,
Бұл не? (бұлақ)
Бұлақ дегеніміз не?Бұлақ (көз,бастау,қайнар) деп атаймыз -жер асты суларының жер бетіне (кейде су астына) Өздігінен шоқырлана шығатын жері.бүні біз бұлақ деп атаймыз
-Бұлақтың суы қандай болады?
Мөлдір Тұнық Суық,ыстық Табиғи су.
Ыбырай Алтынсарин «Таза бұлақ»
Үш жолаушы бір бұлақтың басында бір-біріне кез болыпты. Бұлақ бір тастақ жерден шыққан, айналасы қалың біткен ағаш жапырақтары бұлақтың үстіне төгіліп, суы мұздай, салқын, шыныдай жылтылдап тұрған сонша әдемі, таза бұлақ екен. Су шыққан жеріне бір қазандай тасты біреу ойып қорғаныш кылып, тастың суағар жеріне жазу жазыпты:
— Әй, жолаушы, болсаң осы бұлақтай бол, — деп. Манағы үш жолаушы бұлақтан ішіп қанған соң жазуды оқып, біреуі саудагер екен, ол айтты:
— Бұл жазылған ақыл сөз екен, бұлақ күн-түн тынбай ағып, алыс жерлерге барады, бара-бара кеңейіп, үлкейеді, бұған бөтен бұлақтар құйып, сөйте бара үлкен өзен болып кетеді. Мұнан мұрат сол: сен де, адам, тынбай қызмет қыл, ешуақытта жалқауланып тоқтап қалма, сөйтсең, ақырында, сен де зорайып мұратыңа жетесің дегені ме деп білемін, — деді.
Екінші жолаушы мүсәпір молда екен, басын шайқап:
— Жоқ мен олай ойламаймын, бұл жазудың мағнасы сіздің ойлағаннан гөрі жоғарырақ соқса керек, бұл бұлақ: кім-кімге болса да даяр, ыстықтағанды салқындатып, жанын рақаттандырады, сусағанның сусынын қандырады, оның үшін ешкімнен ақы дәметпейді; бұлай болса адамға да әбірет сол: біреуге жақсылық етсең, ол жақсылығыңды ешкімге міндет етпе дегені болса керек, — деді.
Үшінші жолаушы көркем келген бір әдемі жігіт екен, бұл үндемей тұрды. Жолдастары: «Сен не ойлайсын?» — деп сұрады.
Жігіт айтты:
— Менің ойыма бөтен бір нәрсе келеді: бұл бұлақтың суы бір орында тынып тұрып, шөп-шалам түсіп, лай-қоқым болса, бұған адам мен айуан мұнша ынтық болмас еді; бұлақ күні-түні тынбай ағып тазаланып тұрғаны үшін ынтық болады. Олай болса, жазудың мағынасы: көңіліңді, бойыңды осы бұлақтай таза сақта, нешік бұлаққа қарасақ күн түссе күннің, шөп түссе шөптің сәулесін көреміз, көңілің сол реуішті сыртқа ашық көрініп тұрсын дегені ме деймін, — деді.
Қорытындылай келе осы үш жолаушының айтқан ойын саралайтын болсақ , үшінші жолаушының сөзі мен ойы адамға ой саларлықтай екенін аңғаруға болады. Яғни, әр адам өзінің ойы мен тұла бойын қажетсіз нәрселермен, қажетсіз оймен лайламай таза ұстағаны дұрыс. Әрине, бұл қасиет кез- келгеннің қолынан келе бермейтін ең ізгі қасиеттердің бірі болып табылады. Сондықтан да қоғамға пайдалы, көңілі таза азамат болуға тырысайық. « Жақсының жақсылығын айт, нұры тассын, Жаманның жамандығын айт, құты қашсын» , деген мақал осы әңгімеге сәйкес келіп тұр.
![](/uploads/posts/2021-12/1638414829_29.jpg)
![](/uploads/posts/2021-12/1638414784_30.jpg)
![](/uploads/posts/2021-12/1638414778_31.jpg)