Сейсмикалық оқу-жаттығуы өткізілді » СШ№7 с. Интернационал
Жамбыл облысы
әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Аманжол Тұрғымбаев атындағы
№7 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726343614
Есепші бөлімі:
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Сейсмикалық оқу-жаттығуы өткізілді
12
ноябрь
2025

Сейсмикалық оқу-жаттығуы өткізілді

«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің  2025 жылғы 10 қарашасындағы № 2040 хатына сәйкес Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7 жалпы орта білім беретін мектебінде ағымдағы жылдың 12 қараша күні сейсмикалық оқу-жаттығуы өткізілді.
  Мақсаты:
- Өрт шыққанда және жер сілкінісі болған жағдайда сақтану іс-әрекетін қалыптастыру бойынша оқушылар мен мектеп қызметкерлерінің қауіпсіз әрекет ету дағдыларын қалыптастыру.
- Төтенше жағдайларда өзін-өзі және өзгелерді қорғау бойынша іс-қимылдарды меңгерту.
- Азаматтық қорғаныс шараларын пысықтау.
Сейсмикалық жаттығу мектептегі дабыл белгісі арқылы басталып, барлық оқушылар мен қызметкерлер қауіпсіз орындарға эвакуацияланды. Сынып жетекшілері мен кезекші мұғалімдер оқушылардың түгелдігін тексеріп, эвакуация жоспарына сәйкес әрекет етті. Жаттығу барысында қауіпсіздік ережелері түсіндіріліп, төтенше жағдай кезінде қандай әрекет жасау керектігі туралы қысқаша нұсқаулық берілді.
Сейсмикалық жаттығу белгіленген тәртіппен және қауіпсіздік талаптарына сай жүргізілді. Барлық оқушылар мен қызметкерлер белсенді қатысып, төтенше жағдайдағы іс-қимылдарды алгоритім бойынша дұрыс орындады. Жаттығу сәтті өтті.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: