«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында атқарылған жұмыстардың қорытындысы
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында атқарылған жұмыстардың қорытындысы
Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» атты екінші отырысындағы тапсырмасына сәйкес 2023 жылы «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы әзірленіп, барлық білім беру ұйымдарына енгізілді. Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаев 2024 жылы Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысындағы тапсырмасына сәйкес Біртұтас тәрбие бағдарламасының мазмұны жаңартылды. Еліміздің болашақтағы негізгі сұлбасын «Әділетті Қазақстан – Адал азамат – Озық ойлы ұлт» деген үштаған ұғым арқылы сипаттады. Үштаған – бір-бірінен бастау алатын және өзара тығыз байланысты ұғымдар, ел ішінде заң мен тәртіпті қатаң сақтауды қамтамасыз етуді саясатымыздың тұғырлы қағидатына айналдыратын мықты демократиялық институттары мен дамыған құқықтық жүйесі бар әділетті мемлекетті құрудың шарты және еліміздің жаңғыруы мен әрі қарай дамуының стратегиялық бағдарын айқындайды. Бұл «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының басты идеясына айналды.Тамыз айындабіртұтас тәрбие бағдарламасы бойынша алты құндылық негізінде жылдық жоспар жасалынып бекітілген.
Қыркүйек- Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік айы.
2025 жылдың 1 қыркүйек күні сағат 09.00-де А.Тұрғымбаев атындағы №7 жалпы білім беретін мектебінде Оқу-ағарту министрлігінің 2024 жылғы білім күнін атап өту туралы ұсынымын негізге ала отырып, жаңа оқу жылының салтанатты ашылуын ұйымдастыру және білім алушылардың білім алуға ұмтылысын, патриотизм, еңбекқорлық, жауапкершілік пен өзара сыйластық қасиеттерін қалыптастыруға ықпал ететін мерекелік және шабыттандыратын атмосфера құру мақсатында 1, 11 сынып оқушылары үшін«Мектебім-мейірім мекені!» атты салтанатты жиын өтті. Мектеп алаңы шарлар және гүлдермен безендірілді. 1 сынып білім алушылары алаңға шақырылып, салтанатты жиын ашық деп жарияланып, Мемлекеттік Гимн орындалды. Салтанатты жиынға қатысқан қонақтар аудан әкімінің орынбасары Өмірбек М.А., аудандық білім бөлімінің әдіскері Махамбедиева Г.С., полиция аға лейтенанты Төрехан Ж. Б. жиынға келген ұстаздарды, оқушыларды және ата-аналарды құттықтап жылы лебіздерін білдірді.
5 қыркүйек- Қазақстан халқы тілдері күніне орай “Тілім менің ғасырларға аманат”қыркүйектің 1 аптасында гуманитарлық цикл пәндер мұғалімдері ұйымдастырды. Атқарылған жұмыстардың бейнероликтерін білім бөлімінің сайттарына әлеуметтік желілерге орналастырылды.
Қыркүйектің екінші жексенбісі - Отбасы күніне арналған “Отбасы-тәрбиенің алтын бесігі”атты челленджі ұйымдастырылды. «Отбасы-адамзат бесігін тербеткен ұя!» тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізілді. Еңбек пәнінің мұғалімі Ж.Сыдыкова «Менің отбасым-менің байлығым!» тақырыбында мектеп фойесіне көрме ұйымдастырды. «Ұлттық ойын – ұлт қазынасы»– үзіліс кезінде білім алушылардың бос уақытын ойын түрінде ұйымдастырылды – асық, тоғызқұмалақ, бес тас және т.б. Қыркүйектің үшінші жексенбісі - Аналар күніне орай “Анаға тағзым”атты мерекелік іс шаралар өткізілді. Қыркүйектің соңғы жексенбісі - Еңбек күніне байланысты жоспар құрылып түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып, өткізіліді. Атап айтқанда “Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік” құндылығы аясында сынып сағаттар өткізілді.”Еңбегі адал- жас өрен”жобасын жүзеге асыру бағытында “Мамандықтар әлеміне саяхат”тақырыбында кәсіптік бағдар беруші педагогі А.Адильханова 1 сынып білім алушыларына мектеп ішіне саяхат ұйымдастырды. «Балалар кітапханасы» жобасым аясында тарих пәні бірлестігі мен мектеп кітапханашысы М.Каимбаева «Қайталанбас дара тұлға» тақырыбында әдеби кеш өткізді.
Апта сайынғы әр сынып сағатының соңында 10 минут қауіпсіздік сабақтарына арналады.
Қазан айы - Тәуелсіздік және отаншылдық айы.
«1 қазан - Халықаралық қарттар күніне» орай жоспарланған іс- шаралар өз уақытында ұйымдастырылып, өткізілді. Атап айтсақ «Еңбегі адал жас өрен» жобасы аясында «Қоғамға қызмет ету» волонтерлық қызмет бойынша мектеп тәлімгері акция өткізді. «Бірлік және ынтымақ» құндылығы аясында “Даналық ұстаздан”атты құттықтау челленджі өткізіліп, жолданды. «Еңбегі адал жас өрен» жобасы аясында 1-11 сынып білім алушылары арасында «Мемлекеттік рәміздер-ұлттық мақтаныш» тақырыбында бірыңғай тәрбие сағаты өтілді.5-қазан-Ұстаздар күніне орай 4.10 күні 10 а,б, 11а сыныптары мен мектеп тәлімгері Г.Ахапованың ұйымдастыруымен мерекелік концерт өтті. Концерттік бағдарламаға ардагер ұстаздар шақырылып, кездесу ұйымдастырылды. Сонымен қатар мектеп ұстаздарының құрметіне мектептің өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен “Дублер”күні өткізілді..
«24 қазан - Кітапханашылар күні», «25қазан - Республика күніне» орай іс- шаралар жоспары жасалынып, бекітіліп біріңғай ашық тәрбие сағаттары, кітаптар көрмесі, мәнерлеп өлен оқу сайысы, салтанатты жиын өткізілді.
Қараша айы – Әділдік және жауапкершілік айы
4 қараша күні1-11 сынып жетекшілері және «Адал ұрпақ» еріктілер клуб мүшелерінің қатысуымен «Адал азамат – Адал еңбек – Адал табыс» тақырыбында адалдық сабақтары өткізілді. 5-6 сынып жетекшілері мен мектептің өзін-өзі басқару ұйымы бірлесе отырып «Діни экстремизм мен терроризмге жол жоқ!»тақырыбында қойылым ұйымдастрдып өткізді.
14 қараша күні 1-11 сынып білім алушылар арасында сынып жетекшілері мүдделі мемлекеттік органдармен «Буллингтен қорған!» атты практикалық сабақтар өткізді.
«15 қараша – Ұлттық валюта – теңге күніне» орай 1-11 сыныптар арасында сынып жетекшілері біріңғай тәрбие сағаттарын өткізді, мектеп кітапханашысы кітапханада «Ұлттық теңге тарихы» тақырыбында көрме ұйымдастырды.18 қараша күні 8-11 сыныптар арасында мектеп медбикесі және «Ұшқын» жастар орталығының мамандарымен бірілесіп «Бәрі АИТВ/ЖИТС туралы» тақырыбында дәріс, диктант өткізді.
25 қараша күні мектеп кітапханашысы 3-4 сыныптар арасында «Ертегі – танымның көзі» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Желтоқсан – Бірлік және ынтымақ айы.
5 желтоқсан күні «Үнемі оқитын адам – табысты адам» тақырыбында мектеп кітапханашы кітаптар жәрмнкесін ұйымдастырды.
11 желтоқсан күні 1-11 сынып жетекшілері және медициналық қызметкерлермен «Денсаулық және дұрыс тамақтану мәдениеті»тақырыбында денсаулық сағаты өткізілді.10-12 желтоқсан күндері «16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне» орай 1-11 сыныптар арасында біріңғай ашық тірбие сағаттары өткізілді және қазақ тілі пәнінің мұғалімдерінің ұйымдастырумен «Тәуелсіздік – бастауы бар бақыттың!» өлең оқу челленджі, сонымен қатар «Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы!» тақырыбында салтанатты шара өткізілді. Мектеп тәлімгер А.Калбаева өзін-өзі басқару ұйымының мүшелерімен бірлесіп «Ынтымақ – бұзылмайтын қорған» өзге ұлт өкілдерімен кездесу ұйымдастрыды. 24 желтоқсан күні 8,9,10,11 сынып жетекшілері «Үшқын» жастар орталығының медициналық қызметкерлері «Ерте жүктіліктің ертеңі қандай?» тақырыбында қыздармен ашық алан пікірлесу өткізді.
Желтоқсан айының 24-26 аралығында «Қош келдің Жаңа жыл» атты ертеңгіліктер, бал маскарад ұйымдастырылып өткізілді.
Қаңтар – Заң және тәртіп айы.
12 қантар күні 5-11 сынып арасында «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!» тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді. 8-9 сынып жетекшілері және информатика, математика пәні бірлестігі қосымша білім беру ұйымдарымен бірлесіп «Мектептегі жасанды интеллект: болашақ бүгін» атты ақпараттық сағаттар ұйымдастрыды. 1-11 сынып жетекшілері мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп «Буллингтен қорған!» Қауіпсіздік сабағы (10 минут) өткізілді.
27 қантар күні 1-11 сынып жетекшілері, мектеп тәлімгері Г.Охапова, өзін-өзі басқару ұйымы, әлеуметтік педагог С.Таджи «Отбасы – тәрбиенің алтын бесігі» (Отбасылық жәдігерлер, отбасындағы сыйластық, отбасылық құндылықтар) бағытталған тәрбие сағаттары, отбасылық буклет, фото-альбомдар коллекциялар шеруі ұйымдастырылып өткізілді. 9-11 сынып қыздарымен сынып жетекшілері және «Жеңгелер» клубының мүшелерінің ұйымдастыруымен «Қыз ғұмырдың құпиясы» тақырыбында өнегелі сабақ өткізілді.
Ақпан – Жасампаздық және жаңашылдық айы.
2 ақпан күні 1-11 сынып оқушылары арасында «Цифрлық әлемде қауіпсіз қадам» тақырыбында біріңғай тәрбие сағаттары өткізілді. Қазақ тілі мен әдебиеті, орыс сыныптарындағы қазақ тілі пәні мұғалімдері мен кітапханашының ұйымдастыруымен «Мұқағали- мәңгілік ғұмыр» атты әдеби кеші өткізілді.5-11 сынып жетекшілері және кәсіби бағдар беруші А.Адильханова «Мамандық таңдау – маңызды іс» тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді.
«14 ақпан – Халықаралық кітап сыйлау күні» орай мектеп кітапханшысының ұйымдастыруымен «Досына кітап сыйла» тақырыбында челлендж өткізілді.
13 ақпан күні 5-11 сынып оқушыларымен ДТІЖО, тәлімгер, көркемдік жетекші және алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімімен бірлесе оырып«Ауғанның асуында от кешкендер»тақырыбында ауған соғысының ардагерлерімен кездесу ұйымдастырылды.
Жасөспірімдер арасында синтетикалық есірткінің (Интернет-ресурстары арқылы) таралуының алдын алу бойынша түсіндіру іс-шаралары бойынша 5-11 сынып жетекшілері және ДҚТІЖО Н.Шалданбаев «Өмірге салауатты қадам» құқық қорғау органы қызметкерлерімен кездесу өткізілді. 24-27 ақпан аралығында 1-11 сынып жетекшілерітүрлі этнос өкілдерімен бірлесіп, тәлімгер Г.Охапова, көркемдік жетекші А.Аманкостың ұйымдастырыумен «1-Наурыз алғыс айту күніне» арналған шаралар: «Мың алғыс...». «Туған жерім – жүрегімде!» тәрбие сағаты, білім алушылардың арасынан түрлі этнос өкілдерінің құттықтау челленджі ұйымдастырып өткізілді.
27 ақпан күні 9-11 сынып ұлдары арасында сынып жетекшілерімен «Аталар» клубының мүшелері «Бабалар дәстүрі – ұрпаққа өсиет» танымдық сабақ өткізді.
Наурыз – Тәуелсіздік және отаншылдық айы.2 наурыз күні 1-11 сынып жетекшілері және ДҚТІЖО А.Нысанова «Құқықтық тәртіп және әлеуметтік жауапкершілік» тақырыбында құқық қорғау органы қызметкерлерімен кездесу өткізді.
4-6 наурыз күндері 1-11 сынып жетекшілері «Бәрі де, Ана, бір өзіңнен басталады»біріңғай тәрбие сағаттарың өткізді, тәлімгер Г.Охапова, көркемдік жетекші А.Аманкос «Ананың аялы алақаны» челленджін және көнцерттік бағдарлама ұйымдастырды. 1-11 сынып оқушылары арасында сынып жетекшілері және алғашқы әскері дайындық пәнінің мұғалімі Н.Шалданбаев «Террористік шабуыл кезінде білім алушылардың іс-әрекеттері»практикалық сабақтар өткізілді. 17 наурыз күні 1-11 сыныптар арасында сынып жетекшілері «Наурыз жыл басы» тақырыбында біріңғай тәрбие сағаттары, «Сарқылмайтын салт-дәстүрлер» іс-шарасы, «Атадан-өсиет, анадан-қасиет» (тыйым сөздердің мағынасы), «Сәлем - сөздің патшасы», «Бата – халықтың қазынасы» тақырыптарында ертенгіліктер әдеби кештер, сахналық қойылымдар өткізілді.
Жаратылыстану, биология пәндерінің мұғалімдері А.Есенбаева, Ж.Турганбаеваның ұйымдастырыумен «Жер сағаты» экологиялық акциясы өткізілді. Даналық мектебінің жоспарына сай 9-11 сынып қыздарына «Әжелер» клубының мүшелерінің ұйымдастыруымен «Ырым-тыйым – әдептілік негізі»тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Сәуір – Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік айы.
1-11 сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен «Табиғат тамашалары» тақырыбында біріңғай тәрбие сағаты өткізілді.«2 сәуір - Халықаралық балалар кітабы күніне» орай 1-11 сынып оқушылары арасында сынып жетекшілерімен мектеп кітапханашы М.Каимбаева «Ең үздік кітап оқитын сынып» байқауы өткізілді. Байқау нәтижесінде 6 «а», 7 «а» сыныптары жеңімпаз үздік кітап оқитын сыныптар болды.
«7 сәуір — Дүниежүзілік денсаулық күніне» орай1-11 сынып оқушылары арасында сынып жетекшілері жетекшілері «Дені сау ұрпақ – ұлт болашағы» тақырыбында біріңғай тәрбие сағаттарын өткізді, дене шынықтыру пәні мұғалімдері флешмоб, спорттық жарыстар ұйымдастырды, медбике Х.Бабатова білім алушыларға әңгіме, дәріс өткізді. 15 сәуір күні ДТІЖО А.Канибетова, сынып жетекшілері, тәлімгер Г.Охапова және өзін-өзі басқару ұйымының мүшелері 1-11 сыныптар арасында «Табиғатын сүйемін туған елдің» тәрбие сағаттарын, «Түлектердің ағаш егуі» экочелленджін ұйымдастырды. Сонымен қатар биология мен еңбек пәндерінің мұғалімдері «Қоқысты қайта өңдеу процесі» атты экологиялық сабақтар ұйымдастырды. 8-10 сынып қыздарымен сынып жетекшілері, тәлімгер Г.Охапова, мектеп психологтары А.Нысанова, Т.Жантаева «Қыз өссе – елдің көркі» атты ашық пікірлесу іс-шарасын ұйымдастырды. Кәсіби бағдар беруші А.Адильханова 9-11 сынып білім алушыларына «Болашағы зор кәсіптер» атты доңгелек үстел, ал «Жігерлі жастар» дебат үйірме жетекшісі Г.Охапова 8 сынып білім алушыларымен «Білім – ең мықты қару» тақырыбында дебат ұйымдастырды. Даналық мектебі жоспары аясында 9-10 сынып ұлдарымен «Ағалар» клубының мүшелері «Ер жігітке жарасар салауатты бейнесі» тақырыбында кездесу ұйымдастырды.
«1 мамыр-Қазақстан халықтарының бірлігі күніне» орай 28-30 сәуір күндері «Көп ұлтты, тату елім - Қазақстан» атты тәрбие сағттары, ұлттық достық фестивалі ұйымдастырылды.Мамыр айы – бірлік және ынтымақ айы.
5-6 мамыр күндері «7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне» орай 1-11 сыныптар аралығында «Ел ертеңі-бүгінгі жас ұландар» тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді.
«9 мамыр – Жеңіс күні» орай 8 мамыр күні «Кітапқа жазылмаған тарих» атты біріңғай тәрбие сағаттары ұйымдастырылды.
12 мамыр күні «Отбасым - бақыт мекені» тақырыбында отбасылық спорттық іс-шаралар өткізілді.
14 мамыр күні «Балалар кітапханасы» жобасы аясында мектеп кітапханашысының ұйымдастыруымен «Оқырмандар отбасы» атты оқырмандар бенефисі өткізілді.
22 мамыр күні«31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне» орай «Ұлт тарихындағы зұлмат жылдар қасіреті» тақырыбында 1-11 сынып жетекшілері тәрбие сағаттарын өткізді, ал тарих пәні мұғалімдері 9-11 сынып оқушылары арасында доңгелек үстел ұйымдастырды.Биылғы 2025-2026 оқу жылында мектептің тәрбие жұмысы «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының негізгі ережелеріне сәйкес күнделікті және апта сайынғы іс-шаралар боп ұйымдастырылып өткізілді.
Күнделікті іс-шаралар:
- «Ұлттық ойын – ұлт қазынасы» – үзіліс кезінде білім алушылардың бос уақытын ойын түрінде ұйымдастыру – асық, тоғызқұмалақ, бес тас және т.б.
-«Өнегелі 15 минут» – ата-аналардың баласымен мінезқұлық және адамгершілік туралы күнделікті 15 минут жеке әңгімелесуі.
-«Үнемді тұтыну» – суды, тамақты, энергияны тұтыну бойынша күнделікті табиғи ресурстарға ұқыпты қарауды қалыптастыру: жадынамалар, нұсқаулықтар мен парақшалар әзірлеу.
-«Күй күмбірі» – қоңыраудың орнына күйді пайдалану, сондай-ақ үлкен үзіліс кезінде күй тыңдау.
Апта сайын өткізілген іс-шаралар:- «Менің Қазақстаным» – оқу аптасының басында бірінші сабақта білім алушылар Қазақстан Республикасының Әнұранын орындайды.
-«Апта дәйексөздері» – бүкіл білім беру ұйымның оқу және оқудан тыс іс-әрекетінің лейтмотиві ретінде қызмет ететін мақал-мәтелдер, халық даналығы, көрнекті тұлғалардың ұлағатты сөздері. Аптаның дәйексөздері ақпараттық стендтерде, дәліздегі телевизорда, стндте, сынып тақталарында және т.б. орналастырылды.
-«Қауіпсіздік сабағы» – жол қозғалысы ережелерін, өмір қауіпсіздігі негіздерін зерделеу, білім алушылардың жеке қауіпсіздігін, қауіпсіз мінез-құлқын және т.б. сақтауы туралы дүйсенбі күні бірінші сабақта сынып сағаты шеңберінде 10 минут ақпарат беру немесе әңгіме тұрінде өткізілді.
«Өнегелі 15 минут» – ата-аналардың баласымен мінезқұлық және адамгершілік туралы күнделікті 15 минут жеке әңгімелесуін сынып жетекшілері ұйымдастырды.
Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы жоспарына сай мектеп оқушыларының ата-аналарымен қазан айынан бастап 8 тақырыпты айысыйынғы сабақтар өткізілді.Оқушыларды волонтерлік қызметке тартуға, көшбасшылық қасиеттер мен шығармашылық әлеуетті дамытуға бағытталған «Қамқор», «Еңбегі адал – жас өрен» және «Smart bala» сияқты бірқатар әлеуметтік жобаларды іске асырылуда.
«Даналық мектебі» клубы - «Ата мектебі», «Әже мектепбі», «Аға мактебі», «Жеңгелер мектепбі» жылдық іс-шаралар жоспарына сай өткізілді. Өткізілген жұмыстар мектеп пен ата-ананың мазмұнды ықпалдастық жұмыс нәтижесінде баланың психологиясын терең түсініп, педагог жұмысына шынайы жаңашырлық танытты.
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында білім алушылар арасында жазушылардың шығармаларын талдау мақсатында пікір алмасу алаңдары құрылып, оқушылар арасында жазушылар еңбегінің маңызы, көркемдік идеясы туралы ой-пікірлер айтылып шығармалардағы типтік образдарды аша отырып, оқырманның кітап оқуға қызығушылығын арттыру, өз ойын еркін айту арқылы таным мүмкіндігін таныту мақсатында белсенді оқырмандардың полилог алаңдары өткізілуде.
Білім беру ұйымдарында ата-аналармен жұмыстарды күшейту, ата-аналар комитетінің, әкелер кеңесінің беделін арттыру мақсатында бала тәрбиесі, отбасылық, рухани құндылықтар мәселесімен қатар жасөспірімдер арасындағы құмар ойындардың, ерте жүктіліктің, өз-өзіне қол жұмсаудың, құқық бұзушылық пен топтық төбелестің, буллинг, кибербуллингтің, интернетке тәуелділіктің алдын-алу мәселелері бойынша түрлі тақырыптарда білім алушылармен, ата-аналармен түрлі іс-шаралар өткізілуде.
Биылғы оқуы жылындағы оқушылардың жетістіктері:
Аудандық «Туған елім-туған жерім» байқауында 8 сынып оқуышысы Жасағанберген Н. алғыс хатпен марапатталды – жетекшісі Қожағұлова Г.Н.
Аудандық «ProEco» экологиялық жобалар байқауында 7 «а» сынып оқуышлары Ізбасар Арайлым және Мұхтар Айкөркем ІІ дәрежелі диплом – жетекшісі Турганбаева Ж.Д.
«Тәуелсіз ел жастары» Республикалық байқауында 5 «а» сынып оқушысы Бейсеналы А. І дәрежелі диплом – жетекшісі Насиратдинова Н.“Әділетті Қазақстанның жүз дарынды оқушысы” Республикалық форумда 5 «ә» сынып оқушысы Ауез А. І дәрежелі диплом, «Жас суретшілер» Республикалық байқауында 5 «ә» сынып оқуышысы Алтынбек А. І дәрежелі дипломмен марапатталды.
Облыстық «Ой шебері» Зияткерлік ойын Қартбай Майра, Исмагул Жұлдыз, Алламбай Нұрбақыт, Зарип Индира IV дәрежелі диплом – жетекшісі Г.Охапова.
Республикалық «Қауіпсіз интернет» байқауында 7 сынып оқушысы Арыстанғали Ж. ІІ дәрежелі диплом және 11 сынып оқушысы Нарымбетов Ш. ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.Өткізілген іс-шаралардың анықтамалы жазылып, материалдары арнайы пакаға жинақталған.
Ұсыныс:
-«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы шеңберіндегі маңызды, тәрбиелік мәні жоғары әлеуметтік жобалар мен іс-шаралар жоғары деңгейде ұйымдастырылып, жалғасын тапсын;
-Сынып жетекшілерідің тәрбие жұмысы барысында өткізілген іс-шаралардың тиімділігін бақылау және бағалау жүргізілсін;