Мектеп демалыстары күндері
Мектеп демалыстары күндері
2025-2026 оқу жылының жазғы демалыс кезінде
Аманжол Тұрғымбаев атындағы № 7 ЖОББМ
«Балдәурен» лагерінде
«Ойлан,тап,құрастыр!» командалық пазл жарысы
Анықтама
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың логикалық ойлау қабілетін, зейінін, шапшаңдығын және топпен жұмыс жасау дағдыларын дамыту. Жарыс барысында қатысушылар берілген пазлдарды жылдам әрі сапалы құрастырып, ұйымшылдық пен белсенділік танытты.
2026 жылдың 8 маусым айында А.Тұрғымбаев атындағы №7 жалпы орта білім беретін мектебінің кітапханасында жазғы «Балдәурен» лагері аясында «Толағай» және «Гүлдер» топтарының қатысуымен «Ойлан,тап,құрастыр!» командалық пазл жарысы ұйымдастырылды.Шара қызықты әрі тартысты өтіп, балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға және достық қарым-қатынастарын нығайтуға ықпал етті. Барлық қатысушылар белсенділік көрсетіп, көтеріңкі көңіл күйде болды.


