«Балалар кітапханасы» бағдарламасы аясында
Мектеп демалыстары күндері
2023-2024 оқу жылының жазғы демалыс кезінде Аманжол Тұрғымбаев
атындағы № 7 ЖОББМ
«Балалар кітапханасы» бағдарламасы аясында
«Жазғы демалыс кітаппен» атты тақырыпта
«Балдәурен» лагерінде «Кел, балалар, оқып ойнайық»
Пазл ертегілер жинау ойыны
Анықтама
Қатысқандар: 2-5сынып оқушылары
Мақсаты: Оқушыларды оқу сауаттылығына тәрбиелеу, кітап оқуға, оның ішінде ертегі оқуға баулу, ертегілер арқылы жалпы адамзаттық құндылықтарды бойларына дарыту, пазл құрастыру арқылы ойлау қабілетін дамыту.
Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7 ЖОББ мектептің кітапханасында «Балалар кітапханасы» бағдарламасы аясында «Жазғы демалыс кітаппен» атты тақырыпта «Балдәурен» лагерінде «Кел, балалар, оқып ойнайық» пазл жинау ойыны жүргізілді. Аталмыш іс- шара маусым айының 11 жұлдызы күні кітапханашы Каимбаева М. А ұйымдастыруымен өтті. «Кел, балалар, оқып ойнайық» атты топтық танымдық ойын 2-5 сынып оқушыларымен өткізілді. Бұл іс – шарада 2-5 сынып оқушылары жыл бойы оқыған ертегілер аясында «Пазл» жинау топтық ойынына белсене қатысты. Оқушылар екі топқа «Достық» және «Тастүйін» болып командалық жұмыс жасады. «Тастүйін» тобы алға шығып, топ басшысы Айша өзінің тапқырлығын көрсетті. Топқа берілген тапсырманы бірінші болып орындап өз тобына көмегін көрсетті. «Пазл» ойыны өте қызықты өтті. Оқуға құмар бүлдіршіндер мектеп кітапханасындағы сүйікті ертегі кейіпкерлерін тауып, жыл бойы оқыған ертегі кітаптарын еске түсірді.
Суретте іс – шарадан көрініс:
![](/uploads/posts/2024-06/1718087665_1718084048386.png)