«Кітапты сүйіп,әрі-жан-тәнімізбен беріле оқитын боламыз!» ертегілер еліне саяхат
Аманжол Тұрғымбаев атындағы№ 7 ЖББМ
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Балдәурен» сауықтыру лагерінде
«Кітапты сүйіп,әрі-жан-тәнімізбен беріле оқитын боламыз!»
ертегілер еліне саяхат
Анықтама
Мақсаты: Оқушыларды кітапхана жұмысымен таныстыру, кітапқа деген сүйіспеншілігін қалыптастыру, кітап оқу мәдениетін дамыту және бос уақытын тиімді ұйымдастыру арқылы оқуға деген қызығушылығын арттыру.
2026 жылғы 3 маусым күні жазғы сауықтыру лагерінің «Гүлдер», «Күншуақ», «Толағай» топтарының тәрбиеленушілері А.Тұрғымбаев атындағы №7 ЖОББМ кітапханасына саяхат жасады.
Саяхат барысында оқушылар кітапхананың жұмысымен, кітап қорының бөлімдерімен және кітап пайдалану ережелерімен танысты. Кітапханашы балаларға кітаптың адам өміріндегі маңызы, кітапты күтіп ұстау және оны дұрыс пайдалану жолдары туралы ақпарат берді. Сонымен қатар, оқушыларға жас ерекшеліктеріне сай көркем әдебиеттер, ертегілер мен танымдық кітаптар таныстырылып, қызықты сұрақ-жауап ұйымдастырылды.
Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, тәрбиеленушілерге жақсы әсер қалдырды.


