10 сыныптың ер баларымен 2026 жылдың 25 мамыр мен 29 мамыр аралығында мектеп аумағында 5 күндік оқу-далалық жиыны ұйымдастырылды » СШ№7 с. Интернационал
Жамбыл облысы
әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Аманжол Тұрғымбаев атындағы
№7 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726343614
Есепші бөлімі:
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 10 сыныптың ер баларымен 2026 жылдың 25 мамыр мен 29 мамыр аралығында мектеп аумағында 5 күндік оқу-далалық жиыны ұйымдастырылды
29
май
2026

10 сыныптың ер баларымен 2026 жылдың 25 мамыр мен 29 мамыр аралығында мектеп аумағында 5 күндік оқу-далалық жиыны ұйымдастырылды

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданы білім бөлімі КММ-нің 14.05.2026 жылғы №279 бұйрығы негізінде  АӘжТД пәнінің жоспарына сай 10 сыныптың ер баларымен 2026 жылдың 25 мамыр мен 29 мамыр аралығында мектеп аумағында 5 күндік оқу-далалық жиыны ұйымдастырылып, сәтті өткізілді.
Мақсаты:  
- 10 сынып ер балаларына ҚР Қарулы Күштері қатарында қызмет етуге алғашқы әскери дайындық беру.
- Оқушылардың бойында тәртіптілік, жауапкершілік, төзімділік, ұжымшылдық қасиеттерін қалыптастыру.
- Әскери жарғылардың негіздерін, саптық, тактикалық, медициналық дайындықты үйрету.
- Оқушыларды Отан қорғау борышына патриоттық тұрғыда баулу.
    Оқушылар мына нормативтерді тапсырды:  
1. АК-74 автоматын толық шашу – орташа уақыт 18 сек.  
2. АК-74 автоматын жинау – орташа уақыт 25 сек.  
3. ГП-5 противогазын кию – орташа уақыт 7 сек.  
4. Саптық ән айтып жүру, саптық бұрылыстар – «жақсы» баға.
     Қорытынды:  Жаттығу соңында «Үздік сарбаз» атағына 10 «А» сыныбының оқушысы Бахыт Нүрбек иеленді.   5-күндік оқу далалық жаттығуы оқушылардың әскери дайындығын арттырып, ер жігіттердің бойында ерлік, төзімділік, ұжымшылдық қасиеттерін қалыптастырды. Жаттығу жоспарға сәйкес, сапалы деңгейде өтті.  Жарақат, тәртіп бұзушылық тіркелмеді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: